БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Tesla өз AI-чиптерін жасаудан бас тартты, енді миллиардтар басқа өндірушілерге кетеді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Tesla өз AI-чиптерін жасаудан бас тартты, енді миллиардтар басқа өндірушілерге кетеді

Tesla-ның өз суперкомпьютері Dojo мен оның жұмысына арналған арнайы AI-чиптерді жасау жобасынан бас тартуы компанияның жетекші графикалық процессор өндірушілерінен — Nvidia мен AMD-дан сатып алуларын арттыруына әкеледі деп болжайды Wells Fargo. Dojo жобасының жабылғанын 8 тамызда Bloomberg компания ішіндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, ал компания басшысы Илон Маск бұл ақпаратты іс жүзінде растады.

Егжей-тегжейлі

Tesla-ның Dojo суперкомпьютерін және оған арналған AI-чиптерді әзірлеуден бас тартуы AMD мен Nvidia-ға тиімді болады, себебі Tesla олардың әмбебап жасанды интеллект графикалық процессорларын бұрынғыдан да белсендірек сатып алады. Бұл туралы 8 тамыздағы жазбасында Wells Fargo аналитигі Аарон Рэйкерс мәлімдеп, оны CNBC келтірді.

«Мұны Nvidia мен AMD үшін оң жаңалық деп қарастыру керек, өйткені бұл Tesla-ның олардың жасанды интеллектке арналған әмбебап графикалық процессорларын қолдануын кеңейтуі ықтимал», — деді ол.

Wells Fargo талдауышысының айтуынша Tesla Dojo жобасы жабылғанға дейін де графикалық процессор инфрақұрылымын сенімді түрде кеңейтіп отырды. Соның ішінде Nvidia-дан H100 моделіндей бірнеше ондаған мың құрылғы сатып алған.

«Екінші тоқсан қорытындылары талқыланған қоңырау барысында Tesla өзінің Остиндегі (Техас штаты) штаб-пәтерінде орналасқан Cortex жаттығу кластерінде шамамен 50 мың Nvidia H100 чипін орналастырғанын ашық айтты. Сол аптада Илон Маск Tesla-ның Техастағы «гигафабрикасында» қосымша 16 мың Nvidia H200 чипін енгізіп жатқанын хабарлады. Бұл H100 чипінің шамамен 67 мың данасына баламалы», — деп жазды Рэйкерс.

Дегенмен, Wells Fargo талдаушысының Tesla-ның бұл шешімі Масктың есеп беру қоңырауында айтқан сөздерінен айтарлықтай ерекшеленетінін атап өтті. Бас директор сол кезде компанияның келесі жылы Dojo 2 суперкомпьютерін толыққанды іске қосуды күтіп отырғанын мәлімдеген. Сондай-ақ Dojo 3-тің Tesla AI6 AI-чипімен біріктірілетінін айтқанын CNBC еске салды.

Tesla жобаны неге жапты

Tesla өз суперкомпьютері Dojo мен оған арналған арнайы чиптерді жасауға жауапты команданың жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады деп хабарлады Bloomberg 8 тамызда. Агенттік дереккөздерінің айтуынша аппараттық жобалау жөніндегі вице-президент Пит Бэннон компаниядан кетеді, ал қалған инженерлер басқа жобаларға бөлінеді.

Tesla бас директоры Илон Маск X әлеуметтік желісінде компанияның бірнеше чип түрін әзірлеуге бірдей ресурстар бөлуі қиын екенін және оның AI5 пен AI6 автомобильдік жасанды интеллект процессорларын шығаруға басымдық беретінін жазды.

«Tesla-ға ресурстарды бөліп, екі түрлі AI-чип архитектурасын қатар масштабтаудың мәні жоқ. Tesla AI5, AI6 және одан кейінгі чиптер inference үшін (жасанды интеллекттің оқытудан кейін жаңа ақпарат өндіру қабілеті — Oninvest) тамаша, ал оқыту үшін кем дегенде жеткілікті жақсы болады. Барлық күш-жігер осы бағытқа шоғырланған», — деді Маск.

Bloomberg дереккөздері Dojo жобасының жабылуынан пайда табатын бенефициарлардың бірі ретінде Samsung компаниясын да атады. Шілдеде Tesla кореялық өндірушімен 16,5 млрд долларлық келісім жасасқан. Samsung Tesla-ға жасанды интеллект жүйелеріне арналған жартылай өткізгіштерді 2033 жылға дейін жеткізеді. Сонымен қатар, келісім аясында Техаста Tesla AI6 чиптерін шығаратын зауыт салу жоспарланған. Бұл компанияға жабдықтау тізбегін әртараптандыруға және әлемдегі жетекші өндіруші TSMC-ке тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді деп атап өтті Bloomberg.

Dojo деген не

Dojo — Tesla әзірлеген суперкомпьютер, ол Autopilot пен Full Self-Driving жүйелерінің, сондай-ақ Optimus адамтектес роботтың негізіндегі машиналық оқыту модельдерін үйрету үшін қолданылады, деп жазады Bloomberg. Ал AI6 чипі Full Self-Driving жүйесі аясында жасанды интеллектті тікелей автомобильдің өзінде жұмыс істету үшін жасалған, деп түсіндіреді агенттік.

Суперкомпьютер автомобильдерден келіп түсетін бейнемәліметтерді өңдеп, оларды тез талдайды, осылайша компания алгоритмдерін жетілдіреді. Сарапшылардың пікірінше Dojo маңызды бәсекелестік артықшылыққа айналуы мүмкін еді. 2023 жылы Morgan Stanley суперкомпьютердің болашақта Tesla-ның нарықтық капитализациясына 500 млрд долларға дейін қосуы ықтимал екенін болжаған.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары