БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Whoop фитнес-браслет өндірушісі алдағы екі жылда IPO өткізуі мүмкін

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Whoop фитнес-браслет өндірушісі алдағы екі жылда IPO өткізуі мүмкін

Экрансыз фитнес-браслеттерімен танымал Whoop компаниясы алдағы екі жыл ішінде бастапқы жария акциялар орналастыру (IPO) мүмкіндігін қарастырып жатыр. Сонымен қатар, олар денсаулықты бақылау платформасына қандағы глюкоза деңгейін өлшейтін функция қосуды жоспарлап отыр, деп жазады Bloomberg.

Компанияның негізін қалаушы әрі бас директоры Уилл Ахмедтің айтуынша, бизнес IPO-ға дайын. Себебі компания өз экожүйесін кеңейтіп, технология, құрылғы, бағдарламалық жасақтама, аналитика, аксессуарлар мен киімді қамтитын толыққанды өнімдер қатарын ұсынуда.

Ахмед бұған дейін Whoop-тың биржаға шығуға ниетті екенін айтқан, бірақ нақты мерзімін атамаған еді.

Мұндай IPO Whoop-тың денсаулыққа арналған құрылғылар мен экрансыз гаджеттер нарығындағы позициясын нығайта түспек. Бұл құрылғылар смарт-сағаттарға балама ретінде қарастырылады.

Whoop бастапқыда кәсіби спортшыларға арналған болатын. Платформа жаттығу көрсеткіштерін оңтайландыруға көмектесу үшін жасалған, деп жазады агенттік.

Пандемия кезінде компанияға жазылушылар саны күрт артты, өйткені адамдар бұл құрылғыны жалпы денсаулық пен жағдайын бақылау үшін қолдана бастады. Компания дерегіне сай, 2020 жылдан бері жазылушылар саны 20 есе өскен. Кейінгі екі жылда бұл көрсеткіш тағы 75%-ға артқан.

Бостон қаласында орналасқан Whoop 2012 жылы құрылған. Қазір онда 725 штаттық қызметкер жұмыс істейді. Бұл екі жыл бұрынғыдан 200 адамға көп. Ахмедтің айтуынша, соңғы жылдардағы негізгі табыс пен аудитория өсімі АҚШ-тан тыс нарықтар есебінен болған. Қазір компания 60 елде жұмыс істейді, ал сатылымның 60%-ы шетел нарығына тиесілі. Төрт жыл бұрын бұл көрсеткіш керісінше болатын. Ол кезде пайдаланушылардың 70%-ы АҚШ-та еді, деп жазады Bloomberg.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары