БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорк таңы: ФРЖ басшысына жасалған қысым құбылмалылықты күшейтуде

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорк таңы: ФРЖ басшысына жасалған қысым құбылмалылықты күшейтуде

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ-тың қор нарығындағы оқиғаларға күнделікті шолуы және  болжамы.

Нарықтан не күтеміз

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің Федрезерв төрағасы Джером Пауэллге ықпал етпек әрекеттері аясында ішкі тәуекелдер арта түсуде. Бұл негізгі монетарлық билік органдарының тәуелсіздігіне қатысты алаңдаушылық тудырып отырғаны анық. Ұзақ мерзімді трежерис пен қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер қысымда қалуы мүмкін. Кешегі күні TLT ETF 1,75% төмендеді, ал 30 жылдық трежеристердің кірістілігі 4,9%-ке жетті, себебі халықаралық инвестициялық қауымдастықта «Американы сат» деген әңгіме нығайып келеді. Бұның барлығы құбылмалылықтың өсуіне әкелуде және инвесторлардың қорғаныштық портфельдерді қайта теңестіруге деген ұмтылысын арттыружа. Алтынның бағасы 22 сәуірде унциясына $3500 деңгейін жаңартып, жаңа рекорд орнатты, ал жапон иенасы алғаш рет қыркүйектен бері долларына 140-тан төмен түсті.

Инвесторлардың басты назарында АҚШ-тың бірқатар маңызды серіктестерімен сауда келіссөздері. Ақ үй Жапония, Еуроодақ және Үндістанмен диалогтарда ілгерілеу бар екенін хабарлап отыр. Сонымен қатар АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің күшеюі туралы жаңалықтар аясында белгісіздік сақталуда, бұл Қытайға америкалық тауарлардың, оның ішінде СПГ, бидай және мақта көлемінің күрт қысқаруымен расталады. Қытай соя импортының көлемін өзгеріссіз қалдырды, бірақ бұл өнімді Бразилия мен Аргентинадан сатып алу бағытына толығымен ауысуы мүмкін.

Ричмонд ФРБ 22 сәуірде сәуір айындағы өндірістік индексін жариялайды (консенсус: −2, наурыз: −4).

Негізгі сессияның ашылуына дейін Verizon (VZ), GE Aerospace (GE), RTX (RTX), Lockheed Martin (LMT) және Kimberly-Clark (KMB) компанияларының тоқсандық есептері жарияланады. Постмаркетте қаржылық нәтижелерді Tesla (TSLA), SAP (SAP), Intuitive Surgical (ISRG) және Baker Hughes (BKR) жариялайды.

АҚШ қор нарығының негізгі индекстеріне фьючерстер оң динамиканы көрсетіп отыр. S&P 500 0,8-1% аралығында өсіп жатыр, бірақ оған айтарлықтай себеп жоқ. Келесі сессия үшін біз жоғары құбылмалылық деңгейін, тәуекелдердің бейтарап балансының болуын болжап отырмыз. S&P 500 индекстерінің қозғалысы 5100–5260 пункт аралығында болады деп күтеміз (алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен −1,2% -дан +2%-ға дейін).

Басты назарда

— Трамп әкімшілігі Үндістаннан Amazon (AMZN) және Walmart (WMT) компанияларына $125 млрд көлеміндегі жылдам дамып келе жатқан электрондық сауда нарығына толық қолжетімділік беруді талап етуге ниетті.

— Baker Tilly Moss Adams-пен $7 млрд көлемінде бірігу туралы жариялады, бұл АҚШ-тағы алтыншы ең ірі консалтингтік және аудиттік фирманы құруға мүмкіндік береді.

Кешегі нарық

21 сәуірде америкалық қор нарығында сессия қызыл аймақта аяқталды. S&P 500 2,36% төмендеді, Nasdaq 100 2,46% құлдырады, Dow Jones 2,48%-ға төмендеді, Russell 2000 2,14% жоғалтты. Барлық «Үздік жетілік» акциялары мен кең нарық индексіне кіретін секторлар теріс нәтиже көрсетті. Ең көп жоғалтқан секторлар ұзақ мерзімді тұтынушылық тауар өндірушілері (XLY: −2,67%), энергетика саласы (XLE: −2,61%) және технологиялық компаниялар (XLK: −2,58%) болды.

Трамптың әлеуметтік желідегі Пауэллға қатысты айтқан өткір сөздері нарыққа теріс әсерін бермей қоймады. Президент, егер ФРЖ төрағасы пайыздық мөлшерлемелерді төмендетпесе, АҚШ экономикасы баяулайтынын болжап, оны «үлкен сәтсіздікке» ұшырайтынын айтты. 

Президенттің экономикалық кеңесшісі Кевин Хассетт журналистерге берген сұхбатында Пауэллді қызметінен босату мүмкіндігі әлі де қаралып жатқанын айтты. Оның айтуынша Пауэлл өз қызметінде «саясатпен айналысып кетіп отыр». Еске сала кетейік, Пауэллдің өкілеттігі 2026 жылдың мамыр айында аяқталады. Қалыптасқан тәртіп бойынша президент тәуелсіз орган басшысын тек салмақты себеппен ғана орнынан босата алады. Бірақ мұндай негіздер нақты ұсынылмаған, әрі олардың барына күмән бар.

Компанияларға қатысты жаңалықтар

— Tesla (TSLA: −5,8%) АҚШ-та қолжетімді Model Y моделінің өндірісін 2025 жылдың үшінші тоқсанынан 2026 жылдың басына ауыстыруы мүмкін. Инвесторлар үшін бүгін жарияланатын тоқсандық есепте ең маңыздысы — модельдік қатардың дамуы мен FSD функцияларыныі жетілдірілуі.

— Huawei мамырдан бастап Қытай нарығына арналған 910C чипін жаппай сатуды бастайды. Оның сипаттамалары Nvidia-ның жетекші H100 үлгісіне ұқсас (NVDA: −4,5%).

— Capital One (COF: +1,47%) Discover Financial (DFS: +3,6%) компаниясын сатып алу мәмілесі бойынша соңғы реттеуші мақұлдауды алды. Мәмілені 18 мамырда аяқтау жоспарланып отыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары