БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Азия өсуде, Қытайда алтынға сұраныс артуда, тәуекелді бондтар құлдырауы мүмкін

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Азия өсуде, Қытайда алтынға сұраныс артуда, тәуекелді бондтар құлдырауы мүмкін

Сарапшылар соңғы уақытта алтын бағасының бұрын-соңды болмаған өсуі Қытай экономикасына елеулі ықпал етіп жатқанын айтып, билік алаңдаушылық білдіруде. Азия-Тынық мұхиты өңірінің қор нарықтары өсім көрсетті — бұған Уолл-стриттегі технологиялық акциялар раллиі себеп болды. Алайда жоғары тәуекелді корпоративтік облигациялар нарығы одан әрі құлдырауы мүмкін — бұл сауда соғысының салдарын көрсетеді. Осы және өзге де тақырыптар туралы 25 сәуірдегі әлемдік БАҚ шолуымыздан оқыңыз.

Waymo жеке роботакси иеленуге рұқсат беруі мүмкін

Alphabet холдингіне кіретін Waymo компаниясы болашақта өздерінің жүргізушісіз таксилерін жеке адамдарға сатуы мүмкін. Бұл туралы Alphabet бас директоры Сундар Пичаи мәлімдеді. Бұл мәлімдеме Tesla-ның биыл АҚШ-та өзінің роботакси қызметін іске қосу жоспарымен тұспа-тұс келіп отыр.

Waymo алғашында 2009 жылы Google ішкі жобасы ретінде басталып, кейін жеке компанияға айналды. Қазір оның автопаркі 700-ден астам көлікті құрайды, олардың 300-і Сан-Францискода жолаушыларды коммерциялық түрде тасымалдайды.

Компания жеке меншікке сатылым мерзімін нақты айтпағанымен, бұл болашақта мүмкін болатын нұсқа екенін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, мұндай сатылымдар Uber, Hyundai және Jaguar сияқты серіктестер арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Бүгінде Waymo апта сайын 250 мыңнан астам ақылы автономды сапар орындайды және Сан-Франциско, Финикс, Лос-Анджелес пен Остинде жұмыс істеп жатыр. Жақын арада Атланта, Майами және Вашингтонға шығуды жоспарлап отыр. Пичаи бұл туралы Alphabet-тің қаржылық есеп беру кездесуінде жауап берді: «Waymo туралы алғаш рет сұрақ қойылды — бұл үлкен жетістік белгісі», — деп қалжыңдады ол.

Азия нарығы саудалық баж салықтары жеңілдетіледі деген үмітпен өсуде

Азия-Тынық мұхиты нарықтары өсім көрсетті — бұған Уолл-стриттегі технологиялық акциялар раллиі және сауда пошлиналарын азайтуға қатысты үміт себеп болды, деп жазады CNBC.

Жапондық Nikkei 225 және Topix индекстері 0,9%-ға өсті. Оңтүстік Кореяның Kospi индексі 1%-ға, ал шағын компаниялар индексі Kosdaq 0,6%-ға көтерілді — елдің АҚШ-пен сауда келісіміне жақындағаны туралы жаңалықтар аясында. Гонконгтың Hang Seng индексі 0,75%-ға, Қытайдың CSI 300 индексі 0,3%-ға артты. Австралия биржасы демалысқа байланысты жабық болды.

АҚШ фьючерстері де өсуде: S&P 500 — 0,3%, Nasdaq-100 — 0,4%. Dow Jones фьючерстері тұрақсыздық көрсетуде.

Кеше АҚШ-тың үш негізгі индексі қатарынан үшінші күн өсіммен жабылды. S&P 500 2%-ға көтеріліп, 5484,77 деңгейінде жабылды. Nasdaq 2,7%-ға өсіп, 17 166,04-ке жетті. IBM акцияларының 6,6%-ға құлдырауына қарамастан, Dow Jones 1,2%-ға өсіп, 40 093,40 көрсеткішін көрсетті.

Nvidia, Meta, Amazon, Tesla және Microsoft акцияларының өсуі негізгі индекстердің қатарынан үш күн бойы көтерілуіне ықпал етті.

«Инвесторлар сауда баждарына қатысты белгісіздікке сабырмен қарап отыр. Корпоративтік есеп беру маусымы аясында, нарық қытай импортына қойылған артық баждардың жақын арада төмендеуіне дайындалып жатқанға ұқсайды», — деді Navellier & Associates төрағасы Луи Навелье.

Қытай 125% баж салығын кейбір америкалық тауарлар үшін алып тастауы мүмкін

Қытай билігі кейбір америкалық өнімдерге салынған 125%-дық қосымша сауда баж салықтарын уақытша алып тастауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Bloomberg дереккөздері. Бұл шешім сауда соғысының Қытай экономикасына келтіріп жатқан шығындарын азайту мақсатында қабылдануы мүмкін.

Атап айтқанда, әңгіме медициналық жабдықтар мен этан секілді өнеркәсіптік химикаттар туралы болып отыр. Сондай-ақ, лизинг арқылы алынған ұшақтарға төленетін жалдау төлемдерін баждан босату мәселесі де қаралуда — бұл шара Қытай әуе компаниялары үшін маңызды болмақ.

Нарық бұл жаңалыққа жедел реакция танытты: оффшорлық юань 7,2857 деңгейіне дейін нығайды.

Бұл Қытайдың қадамы АҚШ-тың осы айда Қытай электроникасына салынған 145% баж салығын ішінара алып тастағанына жауап ретінде қабылдануда. Бұл — әлемдегі екі ірі экономиканың бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін көрсетеді.

Мысалы, Қытай пластмасса өндірісі бойынша әлем көшбасшысы болғанымен, кей кәсіпорындары АҚШ-тан келетін этанға тәуелді. Сондай-ақ, қытай ауруханаларында GE Healthcare сынды америкалық компаниялардың МРТ және УДЗ құрылғылары кең қолданылады.

Шешім әлі қабылданған жоқ, бірақ билік осал секторлардағы компанияларды АҚШ-тан келетін тауарлардың кеден кодтарын ұсынуға шақырды. Бірқатар қытайлық әуе компанияларына лизинг төлемдеріне жаңа баж салынбайтыны жайлы алдын ала хабар берілген.

BlackRock: Сауда соғысы аясында тәуекелді облигациялар нарығы одан әрі құлдырауы мүмкін

Тәуекел деңгейі жоғары корпоративтік облигациялар нарығы сауда соғысының салдарын толық көрсету үшін одан әрі құлдырауы мүмкін, деп ескертеді BlackRock, деп жазады Bloomberg.

«Тәуекелі жоғары активтердің сапасы төмендеп, жалпы несиелік жағдай нашарлаған сайын, кредиттік спредтер кеңейе түседі», — деді BlackRock компаниясының жоғары табысты облигациялар бойынша басқарушысы Митч Гарфин Bloomberg Intelligence-тің Credit Edge подкастында.

Айдың басында АҚШ-тың күтпеген қатаң сауда шаралары нәтижесінде «жоғары табысты» облигациялар нарығы 2022 жылғы қыркүйектен бергі ең үлкен құлдырауды көрсетті. Кейін нарық ішінара қалпына келгенімен, Гарфиннің айтуынша құлдырау үшін әлі де орын бар — әсіресе нашар есептер мен жоғары ставкалар аясында.

Оның болжамынша жоғары табысты облигациялар бойынша спредтер 500–600 базистік пунктке дейін көтерілуі мүмкін (бұл 2022 жылдың ортасынан бергі ең жоғарғы деңгей болмақ). Салыстыру үшін: бейсенбіде бұл көрсеткіш 371 базистік пункт болған.

Гарфин егер баж салықтары бойынша келіссөздер тағы бірнеше тоқсанға созылса, жоғары тәуекелді қарыз алушылар үшін жағдай айтарлықтай нашарлауы мүмкін екенін айтты. Ол басқаратын BlackRock High Yield Fund көлемі — $25 млрд.

Сонымен қатар BlackRock сарапшылары облигациялар нарығының негізгі көрсеткіштері әлі де тұрақты екенін атап өтті: мысалы, компаниялардағы қарыз жүктемесі төмен, ал пайыздық төлемдерді жабу деңгейі жоғары. Бұл нарыққа тұрақсыздық кезеңінде өзіндік «балласт» береді.

«Иә, біз баяулауды күтіп отырмыз. Бірақ бұл жаппай дефолтқа әкелмейді деп есептеймін», — деді Гарфин. Оның айтуынша, дефолт деңгейі қазіргі 1%-дан 2–4%-ға дейін өсуі мүмкін, бірақ алдағы 6–12 айда ол 8–10% сияқты дағдарыс кезіндегі деңгейге жетпейді.

Қытайда алтын бағасының рекордтық өсуі инвесторларды жаппай сатып алуға итермелеп, билікті алаңдата бастады

Алтынның бұрын-соңды болмаған раллиі Қытайға айтарлықтай әсер етуде: бөлшек сұраныс күрт өсіп, Шанхай биржасында сауда көлемі рекордтық деңгейге жетті, ал билік өкілдері алаңдаушылық білдіре бастады, деп жазады Bloomberg.

Бағаның құбылмалылығы аясында күндізгі сауда белсенділігі күрт артты. Юаньмен номинирленген алтын фьючерстері бойынша рекордтық қозғалыстар тіркеліп отыр — трейдерлер сауда соғысының күтпеген бұрылыстары арасында бағыт табуға тырысуда.

Сол уақытта алтынмен қамтылған ETF-терге (биржалық қорлар) ақша ағыны рекордтық деңгейге жетті; жеке инвесторлар белсенділігін күрт арттырды; Қытайда алтынға арналған жергілікті премиялар кеңейіп жатыр.

Қытай — әлемдегі ең ірі алтын тұтынушы, әрі оны өндірушілердің бірі — АҚШ тарапынан, әсіресе Дональд Трамп әкімшілігінен келіп жатқан қысым нарыққа айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Bloomberg мәліметінше Қытайлық алтын ETF-терге инвестициялар рекордтық көлемге жеткен. Hong Kong-тық сарапшы Самсон Ли: «Қытайлықтар геосаяси тәуекелдерден сақтанғысы келеді. Сондықтан бұл алтын нарығындағы «аюды» емес, «бұқаны» қолдайтын ұзақмерзімді үрдіс болады» дейді.

Кейбір сарапшылар, соның ішінде China International Capital Corp., алтын бағасы ұзақ мерзімде 5000 доллар/унция деңгейіне жетуі мүмкін деп болжайды.

Экономикасы баяулап бара жатқан Қытай үшін алтын — қауіпсіздік пен байлықты сақтаудың дәстүрлі құралы. Сондықтан «алтын безгегі» бөлшек нарықта шынайы құбылысқа айналды. Шанхай фьючерс биржасында соңғы үш күнде күн сайын 1 миллионнан астам контракт сатылып жатыр — бұл әдеттегіден бірнеше есе көп.

Jinrui Futures сарапшысы Wu Zijie атап өткендей, алтын тақырыбының Қытай медиасында жиі қозғалуы эмоциялық инвестициялау толқынын тудырған: «пайдадан құр қаламын» деген қорқыныш пен ашкөздік қатар жүріп жатыр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары