БастыЖаңалықтар
Бөлісу

АҚШ тарихындағы ең ұзақ үкіметтік шатдаун аяқталды

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

АҚШ тарихындағы ең ұзақ үкіметтік шатдаун аяқталды

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Америка уақыты бойынша 12 қараша кешінде ел үкіметін қаржыландыру туралы заңға қол қойып, ел тарихындағы ең ұзақ – 43 күнге созылған федералдық ведомстволардың жұмыс істеуін уақытша тоқтату кезеңіне нүкте қойды, деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз қызметі. Трамп бұл құжатқа өз қолын республикашылдар басымдыққа ие Өкілдер палатасы заң жобасын 222 дауыспен 209-ға қарсы қабылдағаннан бірнеше сағат өткен соң қойды.

Құжат АҚШ үкіметінің жұмысын бұрынғы деңгейде 2026 жылдың 30 қаңтарына дейін қаржыландыруды қайта қалпына келтіреді. Бұл конгрессмендерге 1 қазанда басталған ағымдағы қаржы жылына арналған егжей-тегжейлі бюджеттік ассигнациялар туралы заң жобасын аяқтауға уақыт береді, деп жазады Reuters.

Заң АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сапасына санитарлық бақылау басқармасына (FDA), Ардагерлер істері министрлігіне, әскери құрылыс жобаларына және Конгресстің өз жұмысына арналған жылдық қаржыландыруды белгілейді. Үкіметтің өзге де ведомстволарын қаржыландыру туралы заң жобаларын конгрессмендер алдағы уақытта әзірлеуі тиіс.

Құжатта Ақ үйге 30 қаңтарға дейін федералдық қызметкерлерді жаппай қысқартуға тыйым салынған. Бұл талапты демократ конгрессмендер қатаң түрде талап еткен еді. Шатдаун басталғаннан кейін Трамп жұмыстан босатуға тырысқан мемлекеттік қызметшілер қайтадан өз лауазымына оралады және оларға жалақы бойынша берешек төленеді. Алайда, заңда Конгресс бекіткен қаражатты президенттің өз бетінше қысқартуына немесе ұстауына кедергі келтіретін жаңа шектеулер қарастырылмаған, деп атап өтеді Reuters.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары