БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Citi клиенттерге стейблкойнмен төлем жасау үшін Coinbase-пен серіктес атанды

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Citi клиенттерге стейблкойнмен төлем жасау үшін Coinbase-пен серіктес атанды

Citigroup банкі мен Coinbase криптобиржасы бірлесіп жаңа серіктестік бастағанын жариялады. Мақсат — банктің корпоративтік клиенттері үшін цифрлық төлем мүмкіндіктерін кеңейту. Алғашқы кезеңде тараптар криптовалютаны кәдімгі ақшаға және кері бағытта оңай конвертациялауға назар аударады. Бұған трансшекаралық төлемдер де кіреді.

Алдағы бірнеше айда Citi клиенттерге блокчейн арқылы стейблкойнмен төлем жасауға мүмкіндік беретін шешімдер әзірлеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bloomberg. Банктің төлем жүйелері бағытының жетекшісі Дебопама Сен стейблкойндардың цифрлық төлем экожүйесінде жаңа серпін болатынын айтты. «Олар клиенттер үшін нарықты да, функционалдықты да кеңейтеді», — деді ол.

Bloomberg түсіндіруінше, криптосервистер мен дәстүрлі банктік жүйелер арасында ақша аудару мәселесі бұрыннан бері кедергі болып келеді. Себебі криптовалюталар тәулік бойы саудаланса, ACH немесе SWIFT секілді жүйелер арқылы банк аударымдары бірнеше сағаттан бірнеше аптаға дейін созылады.

Citi мен Coinbase серіктестігі банктің өз блокчейн платформасын іске қосқаннан кейін қолға алынды. Бұл Уолл-стриттегі ірі қаржы институттарының криптовалютаға қатысты реттеуші ескертулерге қарамастан, блокчейн технологияларын белсенді түрде игеріп жатқанын тағы бір рет көрсетті.

Coinbase-тің crypto-as-a-service бағытының жетекшісі Брайан Фостер Трамп әкімшілігінің цифрлық активтерге қатысты жұмсақ саясаты аясында банктер, брокерлер мен финтех-компаниялар криптосауда, кастодиал қызметтер, стейкинг және төлем шешімдері бойынша серіктестерді белсенді іздеп жатқанын атап өтті. Citi сарапшылары қазіргі көлемі шамамен $300 млрд деп бағаланатын стейблкойн нарығы бес жылда $1 трлн-нан асады деп күтеді.

Акциялар қалай өзгерді?

27 қазанда Coinbase акциялары сауда кезінде 5%-дан астамға өсіп, 373,2 $ деңгейіне жетті. Алайда сауда соңында өсім шамамен 2%-ға дейін баяулады. 2025 жылдың басынан бері компания акциялары 46%-ға қымбаттаған.

Citigroup акциялары дүйсенбіде 2,24%-ға өсті. Жыл басынан бері 43%-ға артқан.

MarketWatch мәліметінше, Coinbase акцияларына қатысты 38 сарапшы баға берген. Ең жиі ұсынылатын кеңес — «сатып алу» (16 рет Buy және 3 рет Overweight). Сонымен қатар, 15 сарапшы «ұстау» (Hold), ал төртеуі «сату» (1 Underweight және 3 Sell) кеңесін береді.

Ал Citi акцияларына көзқарас әлдеқайда оң: MarketScreener дерегінше, 16 сарапшы «сатып алу», бесеуі «ұстау», тек біреуі ғана «сату» кеңесін берген.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары