БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Ether $4000-нан асты — Трамптың жарлығы криптонарықты жандандырды

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Ether $4000-нан асты — Трамптың жарлығы криптонарықты жандандырды

Ether сегіз ай ішіндегі ең жоғары деңгейге жетіп, сауда барысында $4000 межесінен асты. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың зейнетақы қорларына криптовалюталарды қоса алғанда балама активтерге инвестиция салуға рұқсат беретін жарлығы себеп болды. Bitcoin мен Solana да қымбаттады. Нарыққа қосымша серпін берген жаңалық — АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының (SEC) Ripple компаниясына қарсы көпжылдық ісін жабуы.

Егжей-тегжейлі

CoinDesk-тің дерегінше 8 тамыздағы сауда барысында Ether бағасы $4009,7 деңгейіне дейін көтеріліп, былтырғы жылдың соңындағы шегіне қайта оралды.

Bitcoin және басқа да криптовалюталар да 7 тамызда АҚШ президенті Дональд Трамптың зейнетақы қорларына балама активтерге, оның ішінде криптовалюталарға инвестиция салуға рұқсат беретін жарлыққа қол қойғаннан кейін қымбаттады.

CoinDesk-тің мәліметінше 8 тамыздағы саудада Bitcoin бағасы 2%-дан астамға өсіп, $117 624-ке жетті. Қазір ол шілде ортасында тіркелген тарихи максимумынан шамамен 5%-ға төмен саудалануда. Solana 2,3%-ға қымбаттады.

Криптовалюталарға серпін берген не?

Трамптың зейнетақы жоспарларына жеке қорларға, криптовалюталарға және басқа да балама активтерге инвестиция салуға жол ашатын жарлығы цифрлық активтерге триллион доллар көлемінде қаржы құйылуына мүмкіндік береді. Investment Company Institute дерегі бойынша, өткен жылдың қыркүйек айының соңында мұндай жинақтар $8,9 трлн-ға жеткен. Yahoo Finance атап өткендей, әдетте АҚШ-тың 401(k) бөліміндегі ерікті зейнетақы сақтандыру жүйесіне қатысушыларға акциялар, облигациялар және индекс қорлары ұсынылатын.

Нарыққа қосымша қолдау көрсеткен тағы бір фактор — SEC-тің Ripple Labs блокчейн-компаниясымен көпжылдық сот ісін тоқтатуы. Бұл криптоиндустрияға қарсы ең ұзаққа созылған істердің біріне нүкте қойды.

Контекст

Трамп Ақ үйге оралғаннан бері АҚШ-та криптовалюталарды заңдастыру процесі басталды. Бұған дейін криптокомпанияларға қатаң көзқарас танытқан SEC цифрлық активтерге қатысты жұмсақ саясат ұстануда. Шілдеде Конгресс «криптоапта» өткізіп, Өкілдер палатасы мен Сенат үш негізгі заң жобасын — CLARITY, GENIUS және Anti-CBDC Surveillance State Act — қарады.

Трамп 18 шілдеде қол қойған GENIUS заңы Tether (USDT) және Circle (USDC) сияқты стейблкоиндарды қолдануға құқықтық негіз қалады. CLARITY заңы криптовалюта саласының реттеу шекараларын айқындауға бағытталса, Anti-CBDC заңы АҚШ Федералды резервінің цифрлық долларын іске қосуды тоқтатуды көздейді. Екі заң да Өкілдер палатасынан өтіп, Сенат қарауына жіберілді.

Сайлауалды бағдарламасында АҚШ-ты «әлемнің криптовалюта астанасына» айналдырамын деп уәде берген Трамп инаугурациядан кейін бірнеше рет Bitcoin бағасының жаңа рекорд орнатуына себеп болды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары