БастыSmall Caps
Бөлісу

Mesa Air Group әуе компаниясының акциялары 55%-ға қымбаттады

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Mesa Air Group әуе компаниясының акциялары 55%-ға қымбаттады

Mesa Air Group – АҚШ-тағы аймақтық әуе тасымалдаушысы. Оның нарықтық құны $45,4 млн. 7 сәуірде компания акциялары бір күнде 55%-ға өсті. Инвесторларға ол Republic Airways компаниясымен бірігетінін мәлімдеді. Бұл мәміле нәтижесінде Mesa қарыздарынан құтылады, ал Republic – биржаға шығады.

Толығырақ

Mesa Air Group, яғни Mesa Airlines-ты басқаратын компанияның акциялары 7 сәуір, дүйсенбі күні 55%-ға қымбаттап, бір акциясы $1,1-ге жетті. Алайда 8 сәуір таңертең бұл акциялар 10%-дан астамға арзандап жатыр.

Дүйсенбі күні компания Republic Airways-пен бірігетінін жариялады. Жаңа компания Republic Airways Holdings деп аталатын болады. Оның 88%-ы қазіргі Republic акционерлеріне тиесілі болады, ал Mesa акционерлері келісілген шарттарға байланысты 6–12% үлеске ие болады.

Мәміле осы жылдың үшінші немесе төртінші тоқсанының соңына қарай жабылады деп жоспарланып отыр. Жаңа компанияның акциялары Nasdaq биржасында RJET тикерімен саудаланады.

Мәміле не үшін қажет

The Wall Street Journal басылымының жазуынша бұл мәміле – ірі тасымалдаушылар атынан рейс орындайтын аймақтық әуе компанияларын қайта ұйымдастыру тізбегіндегі соңғы қадам. Mesa — United Airlines үшін, ал Republic — American, United және Delta Air Lines үшін рейстер орындайды.

Covid-19 пандемиясынан кейін аймақтық тасымалдаушылар қиындыққа тап болды. Ірі әуе компаниялар олардың ұшқыштарын жоғары жалақымен өздеріне шақырып жатты. Бұл кішігірім ойыншылардың шығындарын арттырды. Mesa да осы проблемадан сырт қалмады: 2024 жылдың тоғыз айында оның операциялық табысы жылдық есепте 6%-ға азайып, $361 млн-ды құрады. Ал таза шығыны 28%-ға азайып, $66 млн болды. Компания өзінің ұшақтарын, қозғалтқыштарын және басқа активтерін сатып, қаржылық жағдайын қалпына келтіргісі келеді.

Republic компаниясымен бірігу арқылы проблемалар шешілмек, делінген хабарламада. Бұл бірігу ұшу процесін тиімдірек басқаруға, қаржылық тұрақтылыққа әкеледі және институционалдық инвесторлар үшін компанияны тартымды етеді деп есептейді Mesa. Жаңа компанияның табысы $1,9 млрд болады деп болжануда.

Мәміле жабылғанға дейін Mesa кейбір активтерінен құтылып, бірнеше міндеттемелерін реттеуі қажет. Ал қалған қарыздарды Republic өз мойнына алады. Олар жаңа компанияға өтпейді. 30 маусымдағы жағдай бойынша Mesa-ның жалпы қарызы $529,5 млн болған.

Акцияларға қатысты жағдай

MarketWatch дерегінше Mesa акцияларына талдау жасап отырған жалғыз талдаушы бар. Ол акцияны портфельде ұстауға кеңес беріп отыр және оның мақсатты бағасы — $2. Бұл — қазіргі бағамен салыстырғанда 82%-ға өсу әлеуеті бар деген сөз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары