БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: Трамп пен Си сауда бағытын айқындайды

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: Трамп пен Си сауда бағытын айқындайды

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына арналған күнделікті шолуы және болжамы.

Нарықтан бүгін не күтеміз

Бүгінгі сауда сессиясында бағалар қозғалысының бағытын АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин арасындағы телефон арқылы әңгіме айқындайды. Әңгіме шығыс уақытымен (ET) 9:00-ге жоспарланған.
Күн тәртібіндегі басты мәселе — TikTok-қа қатысты ықтимал келісім. Бұл келісім қосымшаға АҚШ-та америкалық инвесторлардың бақылауында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қос ел басшылары импорттық тарифтер мен жалпы сауда қатынастарын талқылауды жалғастырады.

Келіссөздерде ілгерілеушілікке қол жеткізу — сауда шиеленісін төмендетіп, технологиялық сектордағы позитивті көңіл-күйді қолдай алады. Ал келісімнің болмауы керісінше, белгісіздік деңгейін арттырып, нарықтағы құбылмалылықты күшейтеді.

Дональд Трамп Ұлыбританияға жасаған мемлекеттік сапарын аяқтауда. Сапар аясында америкалық компаниялардың британ экономикасына салатын инвестициясы рекордтық $204 млрд көлемінде болатыны жарияланды.
Blackstone, Microsoft және Nvidia жасанды интеллект пен деректер орталықтары салаларында жобалар бастауды жоспарлап отыр. Бұл жобалардың жүзеге асуы америкалық технологиялық компаниялардың жаһандық көшбасшылығын күшейтіп, олардың қызмет экспортын арттырады және инвесторлар үшін пайда әкеледі.
Халықаралық кеңеюдің жалғасуы АҚШ-тың ұзақмерзімді экономикалық өсімін қамтамасыз етіп, капитал нарығындағы позитивті көңіл-күйді қолдайды.

19 қыркүйекте маңызды макроэкономикалық деректер мен корпоративтік есептер жоспарланбағандықтан, сауда барысында сыртқы саясат пен сауда жаңалықтары негізгі рөл атқарады.

АҚШ индекс фьючерстері нөлге жуық динамика көрсетіп отыр. Тәуекелдер балансын біз бейтарап деп бағалаймыз, құбылмалылық — орташа.
S&P 500 индексі 6600–6670 пункт диапазонында ауытқуы мүмкін (бұрынғы сессия жабылуынан -0,5%–дан +0,6%-ға дейін).

Назарда

— FedEx (FDX) акциялары негізгі сессия аяқталғаннан кейін 5%-ға өсті. Компания кіріс және акцияға шаққандағы пайда бойынша аналитиктердің күтулерінен асып түсті. Шығындарды қысқарту және маржиналдылықты жақсарту бағдарламасының тиімділігі халықаралық экспорт көлемінің төмендеуін өтеп, инвесторлар тарапынан оң қабылданды.

— United Parcel Service (UPS) қағаздары премаркетте жоғарылады. Бұл Мексиканың логистикалық операторы Estafeta-ны сатып алу бойынша келіссөздердің аяқталғаны жөніндегі жаңалықпен байланысты.
Сделкадан бас тарту — компания ішкі реформалар мен табыстылықты арттыруға көңіл бөлуде деген белгі ретінде қабылданды.

— Scholastic (SCHL) акциялары шамамен 9%-ға арзандады. Компания кіріс пен пайда бойынша нарықтың күткенін ақтамады. Бұл — балалар әдебиеті мен оқу материалдарына деген сұраныстың төмендеуімен түсіндіріледі.

— Reviva Pharmaceuticals (RVPH) котировкалары ашылу алдында құлдырады. Компания жай акциялар мен варранттар қосымша шығарылымын жариялады.
Капиталдың сұйылуы және мәміле шарттарына қатысты белгісіздік нарық тарапынан теріс реакция туғызды.

— Jasper Therapeutics (JSPR) қағаздары қосымша орналастыру жөніндегі хабарламадан кейін 13%-ға төмендеді. Тартылған қаражат клиникалық сынақтарды қаржыландыруға бағытталса да, инвесторлар акция үлестерінің сұйылуына назар аударды.

Нарық алдындағы күн

18 қыркүйектегі сауда сессиясы АҚШ қор биржаларында оң нәтижемен аяқталды. S&P 500 – +0,48%, Nasdaq 100 – +0,95%, Dow Jones – +0,27%, Russell 2000 – +2,51% (2021 жылдың қарашасынан бергі тарихи максимум).

Оң динамика ақша-несие саясатының одан әрі жұмсаруы жөніндегі күтулермен байланысты болды, бұл әсіресе шағын капитализациялы компаниялардың акцияларына қолдау көрсетті.

Қосымша өсу драйвері — технологиялық секторға деген жоғары қызығушылық. «Ғажайып жетілік» акциялары негізінен жоғары қозғалды.

Сектордағы басты жаңалық — Nvidia (NVDA: +3,5%) компаниясының Intel (INTC: +22,8%)-мен бірлесіп чиптерді әзірлеу мақсатында $5 млрд инвестиция салу жоспары.

Осы жаңалық технологиялық секторды алға сүйреп, XLK индексі +1,73% өсті. Ал тұтыну тауарлары жеткізушілері керісінше, төмен көрсеткіш көрсетті (XLP: -0,87%).

Макроэкономикалық факторлар

Күннің басты макроэкономикалық факторы — күшті статистикалық деректер болды. Жұмыссыздық бойынша алғашқы өтініштер саны 263 мыңнан 231 мыңға дейін қысқарды (күтілген — 245 мың). Бұл еңбек нарығына қатысты алаңдаушылықты бәсеңдетті.

Филадельфия ФРБ-ның іскерлік белсенділік индексі қыркүйекте 23,2 пунктке дейін көтерілді — бұл қаңтардан бергі ең жоғары көрсеткіш (күтілгені — 1,5 пункт).

Есепте жаңа тапсырыстар мен жеткізілім көлемінің артқаны, ал баға қысымының азайғаны тіркелді. Бұл өнеркәсіп секторының тұрақтылығын көрсетті.

Еңбек нарығындағы шиеленістің азаюы мен өндірістің жандану белгілері «бұқаларға» қолдау көрсетті.

Компания жаңалықтары

— 89bio (ETNB: +85,2%) бағамдары швейцариялық фармкомпания Roche тарапынан $2,4 млрд-қа сатып алынатыны туралы жаңалықтан кейін күрт өсті. Бағасы соңғы жабылу құнынан 80% жоғары бағаланды.

— CrowdStrike (CRWD: +12,8%) Fal.Con конференциясында ұзақмерзімді болжамдарын жария етті.

Инвесторлар 2027 жылға дейінгі жылдық қайталанатын табыстың (ARR) сенімді өсу болашағы мен Agentic AI технологияларын енгізуге қатысты менеджменттің түсініктемелерін оң қабылдады.

— Novo Nordisk (NVO: +6,3%) акциялары Ozempic препараты жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін 23%-ға төмендететіні жөніндегі жаңа зерттеу нәтижелері аясында өсті.

— Darden Restaurants (DRI: -7,7%) әлсіз бірінші тоқсандық есебі мен жылдық кіріс бойынша төмендетілген болжамынан кейін құлдырады. Компания табыс бойынша да, күтілетін кіріс бойынша да нарық үмітін ақтамады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары