БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: нарық көңіл-күйін ФРЖ жоспарларындағы белгісіздік айқындап тұр

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: нарық көңіл-күйін ФРЖ жоспарларындағы белгісіздік айқындап тұр

Freedom Capital Markets Research басшысының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына арналған күнделікті шолу және болжам.

Бүгіннен не күтеміз

АҚШ үкіметі тарихтағы ең ұзақ 43 күнге созылған шатдауннан кейін жұмысын қайта бастады. Мемлекеттік құрылымдарды қаржыландыру туралы келісім 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін ұзартылды, бұл уақытша болса да саяси белгісіздікті азайтты. Дегенмен, партиялар арасындағы терең келіспеушіліктер сақталып отыр. Конгресс Бюджет басқармасының бағалауынша шатдаун шамамен $50 млрд шығындардың кешігуіне және АҚШ ЖІӨ өсімінің 1,5 пайыздық тармаққа баялауына алып келді. Оның ішінде $14 млрд-қа дейінгі экономикалық белсенділік ешқашан қалпына келмейді.

ФРЖ басшылығының барған сайын көп өкілдері желтоқсандағы отырыста ставка төмендетудің орынды болуына күмәнмен қарай бастады. Сан-Франциско ФРБ президенті Мэри Дейли отырысқа төрт апта қалғанда шешім қабылдау үшін әлі тым ерте екенін айтты. Бостон ФРБ басшысы Сьюзан Коллинз жақын арада ақша-кредит саясатын қосымша жұмсарту үшін «жоғары талаптар» бар екенін атап өтті. Кливленд ФРБ жетекшісі Бет Хаммак еңбек нарығына алаңдаушылық білдіріп, инфляция реттеуші күткеннен ұзағырақ сақталуы мүмкін екенін ескертті.

Нарық қатысушылары ДКП-ны одан әрі жұмсарту ықтималдығын апта басындағы 67%-дан 47%-ға дейін төмендетті. Бұл реттеушінің келесі қадамдарына қатысты белгісіздіктің артып келе жатқанын көрсетеді. ФРЖ-ның қатаң ұстанымын сақтауы «өсім акцияларына» қысым көрсетіп, доллардың нығаюын қолдауы мүмкін.

Хедж-қорлар үшінші тоқсандағы позициялары туралы (13F) ақпарат жариялай бастады — бұл жекелеген активтер динамикасында жоғары өзгергіштікке әкелуі ықтимал. Сауда басталмай тұрып Scholar Rock (SRRK), Twist Bioscience (TWST) және Sigma Lithium (SGML) тоқсандық нәтижелерін ұсынады. Негізгі сессиядан кейін Quantum Computing (QUBT) және Dragonfly Energy (DFLI) есеп береді.

Америкалық индекстердің фьючерстері нөлдік шамадағы динамика көрсетіп тұр. Алдағы сауда сессиясы үшін тәуекелдер балансын біз бейтарап, құбылмалылықты — орташа деңгейде деп бағалаймыз. S&P 500 индексі 6650–6820 тармақтар аралығында ауытқуы мүмкін (өткен сессия жабылуынан -1,3% бастап +1,2%-ға дейін).

Назарда

— АҚШ федералдық соты Apple (AAPL) мен OpenAI-дың Илон Масктың X Corp және xAI компаниялары берген монополияға қарсы талапты қайтарып алу туралы өтінішін қабылдамай тастады. Айыпқа сәйкес Apple экожүйесіне ChatGPT-ді эксклюзивті түрде біріктіру арқылы xAI жасаған Grok секілді бәсекелес ЖИ-чат-боттарға жол бермеген.

— Amazon (AMZN) мен Microsoft (MSFT) Nvidia (NVDA) компаниясының алдыңғы қатарлы чиптерін Қытайға экспорттауды шектейтін GAIN AI Act заң жобасын қолдады, деп жазады Wall Street Journal. Құжат ішкі тапсырыстарды шетелдік клиенттерге қарағанда басым қоюды талап етеді. NVDA акциялары премаркетте 1%-ға төмендеп тұр.

— Бразилияның цифрлық банкі Nubank (NU) үшінші тоқсанда таза пайдасын 39% г/г өсіріп, $783 млн-ға жеткізді (консенсус — $757 млн). Бұл нәтижеге ішкі нарықтағы ауқымды кеңею және Мексикадағы несиелік портфельдің өсуі ықпал етті. Капитал рентабельділігі рекордтық 31%-ға жетті. Сауда ашылар алдында финтех компаниясының қағаздары шамамен 3% өсуде.

— Билет сатумен айналысатын StubHub (STUB) қаржы жылының екінші тоқсанында $468,1 млн кіріс жариялап, сарапшылар күтулерінен асып түсті. Компания ағымдағы тоқсанға болжам беруден бас тартты — себебі билет сатылымдарының басталу мерзімі тұрақсыз. Осыған байланысты StubHub акциялары негізгі сессия алдында 15%-ға құлдырады.

Кешегі нарық

13 қарашадағы АҚШ нарығындағы сауда айтарлықтай төмендеумен аяқталды. S&P 500 — 1,66%, Nasdaq 100 — 2,05%, Dow Jones — 1,65%, Russell 2000 — 2,77% төмендеді. Бұл динамиканы технологиялық сектордағы сатылымдар және жақында болған раллиден кейінгі пайда фиксациясы қалыптастырды. «Керемет жетілік» компанияларының бәрі Meta (META: +0,14%) дан басқасы теріс аумақта жабылды. Ең терең түзетуді Tesla (TSLA: -6,64%) мен NVIDIA (NVDA: -3,58%) көрсетті.

АҚШ-тың «Оңтүстік найза» (Southern Spear) атты әскери операция бастайтыны туралы мәлімдемесінен кейін энергетика секторы (XLE: +1,63%) өсім көшін бастады. Аутсайдерлер — технологиялық сектор (XLK: -2,49%) және тұтынушылық цикликалық компаниялар (XLY: -2,5%).

Өткен сауда сессиясында жасанды интеллект төңірегіндегі көңіл-күй құбылмалылығы негізгі рөл атқарды. Технологиялық акциялар бойынша пайда фиксациясы, инвестициялық қорлардың жоғары позициялары және розничный инвесторлардың белсенділігінің төмендеуі қысым жасады. Бұған қоса, ФРЖ өкілдерінің «қатаң» риторикасынан кейін АҚШ қазынашылық облигацияларының кірістілігінің 3–5 б.п. өсуі және желтоқсанда ставка төмендету ықтималдығының 47%-ға дейін қайта қаралуы әсер етті.

Компания жаңалықтары

— BioNTech (BNTX: -7%) акциялары Pfizer өзінің үлесін шамамен $500 млн-ға толық сатуды жоспарлап жатқаны туралы Bloomberg хабарынан кейін төмендеді.

— Walt Disney (DIS: -7,8%) қағаздары қысымға қалды: компанияның төртінші қаржы тоқсанындағы акцияға шаққандағы пайдасы консенсустан жоғары болғанымен, тапқан табысы орташа күтулерден төмен түсті. Негізгі себеп — линейлік телевидениенің әлсіз көрсеткіштері. Ал Disney+ жазылушылары саны тоқсаннан тоқсанға өсіп, болжамдардан асып түсті.

— Sealed Air (SEE: +16,8%) Clayton Dubilier & Rice жеке инвестициялық қорымен жекешелендіру жөніндегі келіссөздер туралы жаңалықтан кейін айтарлықтай өсті.

— Flutter Entertainment (FLUT: -14,3%) жылдық табысы және EBITDA болжамын төмендетті. Үшінші тоқсанда кіріс компания күткендегіден әлсіз болды, себебі АҚШ-тағы спорттық оқиғалардың нәтижелері ұйым үшін қолайсыз өрбіген.

— Verizon-ның жаңа бас директоры Дэн Шульман компания тарихындағы ең ауқымды қайта құрылымдау аясында шамамен 15 мың жұмыс орнын қысқартуды жоспарлап отыр.

— Starbucks (SBUX: -0,9%) компаниясының мыңнан астам қызметкері 13 қарашадағы Red Cup Day күні мерзімсіз ереуіл бастады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары