БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Wells Fargo T-Mobile акциясының рейтингін көтерді. Бәсекелестерінен несімен ерекше?

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Wells Fargo T-Mobile акциясының рейтингін көтерді. Бәсекелестерінен несімен ерекше?

Wells Fargo банкі T-Mobile акциясының рейтингін көтеріп, «сатып алуға» кеңес берді. Банк пікірінше, мобильді оператордың дамуына мүмкіндік беретін екі сегмент бар — ауылдық аймақтар мен корпоративтік орта. Бұл оған негізгі бәсекелестерінен нарық үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Егжей-тегжейлі

Wells Fargo телекоммуникациялық компания T-Mobile акциясының рейтингін «нарықпен тең» (Equal Weight) деңгейінен «нарықтан жоғары» (Overweight) деңгейіне көтерді — яғни енді банктің кеңесі акцияны ұстау емес, сатып алу, деп жазады CNBC. Бұдан бөлек, банк акцияның мақсатты бағасын $260-ға көтерді. Бұл олардың 15 қазан күнгі жабылу бағасымен салыстырғанда шамамен 15% өсу әлеуетін білдіреді.

16 қазандағы саудада T-Mobile акциясы алғашында 1,5% қымбаттағанымен, кейін өсімін жоғалтып, шамамен 0,5% төмендеді. 2025 жылдың басымен салыстырғанда, олардың бағасы қазір бар болғаны 2,2% қымбат.

Wells Fargo компанияның артықшылығын неден көрді?

«T-Mobile мен оның бәсекелестері — AT&T және Verizon — арасындағы бағалау айырмашылығы қысқарды. Компания акцисы әлі де сектордағы орташа бағадан жоғары саудаланса да, дәл қазір T-Mobile-дың нарықта озық динамика көрсету мүмкіндігі жоғары», — деп жазды Wells Fargo сарапшысы Эрик Любчоу CNBC жазбасында.

Сарапшының пікірінше, T-Mobile салалық көшбасшылығын сақтап, абоненттер саны мен қызметтерден түсетін кірісті арттыру қарқынын жалғастыра алады. Сонымен қатар, компанияның дамуға әлеуеті бар екі негізгі сегменті — ауылдық өңірлер мен корпоративтік сектор.

Wells Fargo бағалауынша, T-Mobile корпоративтік ортада негізгі бәсекелесі Verizon-нан нарық үлесін қайтара бастады, ал болашақтағы негізгі өсім әлеуеті ауылдық нарықтарға тиесілі болмақ. Бұл үрдіске компанияның US Cellular мобильді бизнесін сатып алуы да серпін береді.

Любчоудың айтуынша, салада жалпы баяулау қаупі бар болғанына қарамастан, T-Mobile жыл сайын 2,5–3 млн жаңа абонент тарта алады, соның ішінде 2025 жылы 3 млн-нан астам клиент қосылады, және AT&T мен Verizon-ға қарағанда нарықтағы үлесін ұлғайтуды жалғастырады.

Басқа да сарапшылар пікірі

Осы аптада RBC сарапшысы Джонатан Аткин T-Mobile акциясының рейтингін бейтарап деңгейден «сатып алу» (Buy) деңгейіне көтеріп, мақсатты бағаны $270 деңгейінде қалдырды. Бұл бағалау котировканың 19% өсуін білдіреді.

RBC болжамынша, компания алдағы уақытта бәсекелестеріне қарағанда жаңа клиенттер санын айтарлықтай арттырып, US Cellular активтері есебінен бизнес тиімділігін көтере алады. Сарапшының пікірінше, T-Mobile өзге операторлардан абоненттерді көшуге ынталандыру және ескі құрылғыны тапсырмай-ақ, iPhone сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа акция арқылы артықшылыққа ие. Салада жалпы абоненттік өсім баяулағанына қарамастан, RBC T-Mobile компаниясы әлі де «жақсы позицияда тұр» деп санайды.

MarketScreener дерегінше, қазір бұл акцияға 29 сарапшыдан кеңес бар: «сатып алу» (Buy, Outperform) — 18, «ұстап тұру» (Hold) — 10, және «сатуға» (Sell) — 1 сарапшы кеңес берген.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары