БастыSmall Caps
Бөлісу

Deutsche Bank әуетаксиге арналған ұшақтар өндірушінің рейтингін көтерді

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Deutsche Bank әуетаксиге арналған ұшақтар өндірушінің рейтингін көтерді

Deutsche Bank EHang Holdings әуетакси өндірушісінің акцияларының рейтингін көтерді. Қытайлық small-cap компаниясының Nasdaq-тағы акциялары жаһандық қор нарығындағы сатылымдар әсерінен ақпан айындағы ең жоғары деңгейден 40%-ға төмендеді. Алайда, инвестбанк бұл құлдырауды артық реакция деп бағалап, компания капиталына кіруге ыңғайлы мүмкіндік пайда болғанын мәлімдеді.

Толығырақ

Deutsche Bank 14 сәуірде EHang Holdings акцияларының рейтингін бейтараптан “сатып алу” деңгейіне дейін көтергенін The Motley Fool хабарлады. Сол күні компанияның акциялары 8,6%-ға өсіп, $15,68 деңгейінде жабылды.

Сонымен қатар Deutsche Bank EHang акцияларының мақсатты бағасын 9%-ға төмендетіп, $20 деңгейіне қойды. Бұл жаңа мақсатты баға соңғы жабылу деңгейінен 27%-дан артық өсім мүмкіндігін білдіреді.

Жаһандық сатылымдар EHang акцияларының ақпан айындағы ең жоғары $26,34 деңгейінен 40%-ға төмендеуіне себеп болды. Deutsche Bank сарапшысы Эдисон Ю-дың айтуынша бұл акцияларды шыдамды және қысқа мерзімді тұрақсыздыққа төтеп бере алатын инвесторлардың әртараптандырылған портфелінің бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.

Инвесторлар нені білуі керек

EHang электрлі ұшу аппараттарын (eVTOL) әзірлейді және шығарады. Бұл сала енді ғана қалыптасып келеді, бірақ қытайлық компания «алға шыққан санаулы ойыншылардың бірі» деп аталып отыр.

Арcher Aviation және Joby Aviation сияқты бәсекелестері өз өнімдерінің сертификатын алу үшін реттеушілердің шешімін күтіп отырғанда EHang-тың EH216-S ұшқышсыз аппараты Қытайдың Азаматтық авиация басқармасынан адамдарды тасымалдауға қажетті құжаттарын алған.

«Бұл жетістік Қытайда төмен биіктікте жолаушыларды тасымалдау дәуірінің ресми басталуын білдіреді, Гуанчжоу мен Хэфэйде туристік мақсатта ұшақ билеттерін сатып алуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады компания. – Болашақта операторлар жұмысқа бару сияқты басқа да қызметтер ұсынады».

EHang – саланың салыстырмалы түрде тұрақты кіріс көрсетіп отырған сирек компанияларының бірі, деп Freedom Finance Global-дың аға аналитигі Сергей Глинянов атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, компания кірісін 288,5%-ға арттырып, 456,2 миллион юаньға ($62,5 миллион) жеткізді.

Барлығы EHang бойынша 12 сараптамалық рейтинг бар, олардың бәрі «сатып алу» ұсынысын білдіреді, деп MarketWatch порталы хабарлады. Сарапшылардың пікірлеріне негізделген орташа мақсатты баға $205,21 құрайды, бұл шамамен 13 есе өсім әлеуетін көрсетеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары