БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Инвесторлар ЖИ-компаниялардың акцияларына қайта орала бастады

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Инвесторлар ЖИ-компаниялардың акцияларына қайта орала бастады

10 қараша, дүйсенбі күні америкалық технологиялық компаниялардың акциялары өткен аптаның құлдырауынан кейін жылдам өсті, деп хабарлайды CNBC. Инвесторлар тәуекелі жоғары активтерге қайта бет бұрды. Нарық АҚШ Конгресінің үкімет жұмысын қайта бастауға мүмкіндік беретін келісімге жақындағанына оң әсер етті.

Егжй-тегжейі

— Технологиялық сектордың Nasdaq Composite индексі 10 қарашадағы саудада 2,27%-ға өсіп, 23 527,17 пунктке жетті. Бұл сәуірден бергі ең әлсіз аптадан кейінгі қалпына келудің белгісі. Dow Jones Market Data деректеріне сүйенсек, бұл 27 мамырдан бергі ең жоғары күндік өсім. Өсім көшбасшыларының қатарында Nvidia бар — оның акциялары 5,8%-ға қымбаттады. Microsoft қағаздары да 2%-ға өсіп, 2011 жылдан бергі ең ұзақ сегіз күндік төмендеуді тоқтатты, деп жазады CNBC.

— Dow Jones Industrial Average индексі 0,8%-ға өсіп, 47 368,63 пунктке жетті.

— S&P 500 индексі 1,54%-ға көтеріліп, 6832,43 пунктке жетті. Bloomberg мәліметінше, бұл да мамырдан бергі ең жақсы күн болды.

— Биткоин 1%-ға өсіп, 105 701 долларға жетті.

Акцияларға әсер еткен факторлар

Bloomberg-тің жазуынша, инвесторлар АҚШ үкіметінің жұмысы қайта жанданады деген үмітпен технологиялық сектор мен биткоин сияқты тәуекелді активтерге қайта оралды. Өткен аптада ең қатты құлдыраған технологиялық компаниялар өсімнің қозғаушы күші болды. Ал қорғаныш активтерге сұраныстың төмендеуі АҚШ мемлекеттік облигацияларына деген қызығушылықты азайтты.

Сенатта қаралған қарар ең төменгі қажетті 60 дауыс жинап, қабылданды. Тіпті сегіз демократ сенатор партия ұстанымына қарсы дауыс берді. Бұл демократтар мен республикашылар арасындағы келісімге жол ашып, АҚШ үкіметінің жұмысын қаңтарға дейін қайта бастауына және мемлекеттік мекемелердегі жаппай қысқартуларды тоқтатуға мүмкіндік береді, деп жазады CNBC. Сенаттың соңғы дауыс беруі алдағы күндері өтіп, заң жобасы Өкілдер палатасында осы аптада қаралуы мүмкін.

«Бұл біртүрлі көрінуі мүмкін: қазан басында үкімет жабылғанда нарық көтерілді, енді қайта ашыларда да өсу байқалады. Бірақ инвесторлар жеңілдеп тыныс алды», — деп жазды Bespoke Investment Group негізін қалаушы Пол Хики.

Мичиган университетінің сауалнамасы көрсеткендей, үкіметтің жабылуы тұтынушылар көңіл-күйін соңғы үш жылдағы ең төмен деңгейге түсірді. Үкіметтің жұмысы тоқтағандықтан, ведомстволар негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді, соның ішінде тұтыну және өндіріс бағалары индексін жариялауды тоқтатты. Ал үкіметтің қайта ашылуы инвесторларға экономикалық деректерге қол жеткізуге және Федералдық резерв жүйесінің болашақ саясатын жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді, деп жазады Bloomberg.

Сарапшылар не дейді?

— Pepperstone компаниясының бас стратегияшысы Майкл Браунның айтуынша, АҚШ үкіметінің қаржыландыруы қайта жанданғаны экономикалық өсімге қысым түсіретін факторды азайтып, болжамдағы белгісіздікті төмендетіп отыр.

— City Index сарапшысы Фиона Синкотта Bloomberg-ке берген пікірінде: «Шатдаунның аяқталуы инвесторлардың көңіл-күйін жақсартып қана қоймай, алдағы ФРЖ отырысы алдында АҚШ еңбек нарығы мен жалпы экономиканың жағдайы туралы көбірек мәлімет беретін макродеректердің жариялануына жол ашады», — деді.

— Orion компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры Тим Холланд CNBC-ге берген сұхбатында: «Қараша тәуекелді активтер үшін тұрақсыз ай болды», — деді. Оның айтуынша, нарықтағы теріс көңіл күй үш себептен туындаған: үкіметтің жабылуы, акциялардың қымбаттығы және ЖИ төңірегіндегі ықтимал «көпіршік». «Өткен аптадағы алаңдаушылық орынды еді, бірақ біз осы үш қатердің бірін артта қалдырдық — бұл өз алдына үлкен жеңілдік. Үкіметтің ашылу ықтималдығын, «Үлкен әрі тамаша заң жобасы» әсерін, компания табыстарының 13% жылдық өсімін және маусымдық факторды ескерсек, жыл соңына дейін экономика мен тәуекелді активтерге қатысты оптимизмді сақтаймыз», — деді ол.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары