БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктағы таң: Трамп ФРЖ-ге барады — нарықтар құбылмалыққа дайын

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктағы таң: Трамп ФРЖ-ге барады — нарықтар құбылмалыққа дайын

Freedom Capital Markets Research компаниясы директорының орынбасары  Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына арналған күнделікті шолуы мен болжамы.

Не күтеміз

24 шілде саудасындағы басты назар — АҚШ президенті Дональд Трамптың Федералды резерв жүйесіне жоспарлап отырған бұрын-соңды болмаған сапарында. Бұл оқиға Орталық банктің көпжылдық тәуелсіздік дәстүрін тікелей бұзып, құбылмалықтың негізгі көзіне айналуы мүмкін. Инвесторлар кездесу барысындағы барлық жаңалықтар мен мәлімдемелерді жіті бақылайтын болады. Бұл жағдай шілде және келесі FOMC отырыстары қарсаңында ақша-несие саясатына қатысты күтулерге әсер етуі ықтимал. Осы ретте қанық макроэкономикалық күнтізбе екінші орынға ысырылуы мүмкін.

Бейсенбінің негізгі макроэкономикалық дерегі — S&P Global жариялайтын PMI индексінің алдын ала бағасы болмақ. Freedom Broker болжамынша өндірістік индекс 0,1 тармаққа төмендеп, 52,8-ге жетеді, бұл сәуір-мамыр айларындағы импорттық тарифтерді күтумен байланысты қорларды толықтырудан кейін жаңа тапсырыстардың өсу қарқынының баяулауын көрсетеді. Қызмет көрсету секторы бойынша индикатор 0,1 тармаққа өсіп, 53-ке жетеді деп болжануда. PMI-дың біршама оң нәтижелері сұраныстың артық қызып кетуіне қатысты пікірталасты қайта жандандыруы мүмкін. Бұған қоса, жұмыссыздық бойынша алғашқы өтінімдер (Freedom Broker болжамы: 230 мың, өткен аптада — 221 мың) және жаңа үйлердің маусым айындағы сатылымы (консенсус: айына +4,3%) бойынша деректер жарияланады. Жоғары ипотекалық мөлшерлемелер (шамамен 7%) тұрғын үй нарығындағы белсенділікті тежей отырып, бұл көрсеткіштер PMI-дың оң әсеріне қарсы салмақ ретінде қызмет ете алады, осылайша пайыздық мөлшерлемеге қатысты күтулерді бейтарап деңгейде ұстайды.

Инвесторлар назарында

Жасанды интеллект технологияларына қатысты жаңалықтар инвесторлардың ерекше қызығушылығын тудыруда. Осы салаға саяси қолдау да серпін беріп отыр. Ақ үйде алғаш рет өткен жасанды интеллектке арналған саммитте президент Трамп бұл секторды дамыту бойынша 90 тармақтан тұратын ауқымды жоспар ұсынды. Ол федералды реттеуді біріздендіру және қолайлы етуге шақырып, осы жоспардың негізгі элементтерін жүзеге асыруға бағытталған үш жарлыққа бірден қол қойды. Бұл жарлықтар АҚШ-тың AI-технологияларын экспорттауды арттыру, инфрақұрылым құрылысын жеделдету үшін экологиялық нормаларды жеңілдету және федералды деңгейде саяси бейтарап емес AI қолданылуын шектеуді көздейді. Nvidia (NVDA) мен AMD сияқты чип өндірушілерін жоғары бағалаған Трамп АҚШ-тың AI индустриясында сөзсіз көшбасшы болуын мақсат етіп қойғанын айтты.

Жекелеген акциялардың қозғалысы биржалық ойыншылардың тоқсандық есептерге реакциясы акциялардың қозғалысын айқындайды. Негізгі сессия басталғанға дейін өз нәтижелерін Honeywell (HON), American Airlines (AAL), Blackstone (BX), Valero Energy (VLO), Dow (DOW) және Mobileye (MBLY) ұсынады. Постмаркетте есептіліктерін Intel (INTC), Newmont (NEM), Deckers Brands (DECK), Digital Realty Trust (DLR), Edwards Lifesciences (EW) және VeriSign (VRSN) жариялайды.

АҚШ индекс фьючерстері бейтарап динамиканы көрсетіп отыр. Тәуекел балансы — бейтарап, құбылмалық — орташа. S&P 500 индексінің қозғалысы 6300–6400 тармақ аралығында (алдыңғы сессия жабылуынан -0,9%-дан +0,6%-ға дейін) болуы мүмкін.

Назарда

— Alphabet (GOOGL) бағамдары постмаркеттің аясында 1,8%-ға көтерілді. Компания табысы мен акцияға шаққандағы пайдасы сәйкесінше $96,43 млрд және $2,31 болып, консенсустен ($93,99 млрд және $2,18) асып түсті. Инвесторларға жағымды жаңалық — менеджменттің 2025 жылға арналған күрделі шығындар жоспарын $85 млрд-қа дейін арттыру шешімі. Бұлтты қызметтер мен AI шешімдеріне жоғары сұраныс аясында бұл қадам осы бағыттардың келешектегі тиімділігіне сенім ретінде қабылданды.

— Tesla (TSLA) акциялары 2,8%-ға төмендеді. Компания табысы жылдық салыстырмада 12%-ға азайса, автомобиль жеткізілімі 13,5%-ға қысқарды. Басшылықтың AI мен робототехникадағы ұзақмерзімді әлеуетке назар аударту әрекеті ағымдағы қаржылық қысым мен маржа төмендеуін өтей алмады. Сонымен қатар, менеджмент «One Big Beautiful Bill» бағдарламасының бизнеске теріс әсері туралы ескертті.

— T-Mobile (TMUS) бағамдары 5,2%-ға өсті. Компания екінші тоқсанда жазылушылар саны бойынша рекордтық өсімді көрсетті, ал қызметтерден түскен табыс 6%-ға артып, $17,4 млрд болды. Негізгі қаржылық және операциялық көрсеткіштерге қатысты жылдық болжамның жақсаруы акцияларға қолдау берді.

— IBM екінші тоқсанда табысын 8%-ға арттырып, $16,98 млрд-қа жеткізді, ал EPS — $2,8 (күтілгені: $2,64). Алайда, компания акциялары 5%-ға төмендеді, себебі негізгі бағдарламалық қамту сегментінен түскен табыс $7,39 млрд болып, консенсустен ($7,43 млрд) төмен болды. Бұл кезде инфрақұрылым мен консалтинг бөлімшелерінің нәтижелері орташа күтулерден жоғары шықты.

— ServiceNow (NOW) акциялары сессиядан кейін 7,2%-ға өсті. Компания екінші тоқсанда табысын 22,5%-ға арттырып, $3,22 млрд-қа жеткізді. Түзетілген EPS — $4,09. Бұл өсімге жазылым моделіне көшу себеп болды, пайдаланушылар саны 21,5%-ға артты, ал келісімшарттарды жаңарту деңгейі рекордтық 98%-ға жетті. Now Assist AI өнімдерінің сатылымы компанияға 2025 жылға жазылымнан түсер табыс бойынша болжамын $12,78–12,80 млрд аралығына көтеруге мүмкіндік берді.

Кешегі нарық

23 шілдедегі АҚШ қор нарығы саудасы жаңа рекордтармен аяқталды. S&P 500 — +0,78%, Nasdaq 100 — +0,43%, Dow Jones — +1,14%, Russell 2000 — +1,53%. Медициналық технология секторының бірқатар өкілдерінің мықты есептерінің арқасында денсаулық сақтау саласы көш бастады (XLV: +2,05%). Коммуналдық компаниялардың қорғаныс акциялары керісінше аутсайдер болды (XLU: -0,75%).

Негізгі өсім драйвері — АҚШ пен ЕО жаңа сауда келісіміне жақындағаны туралы хабарлар. Келісім ЕО-дан әкелінетін тауарларға 15% баж салығын енгізуді қарастырады. Брюссель 1 тамыздан бастап 30%-дық баж салығын болдырмау үшін бұл шарттарды қабылдауға дайын көрінеді. Келісім ұшақтар, алкоголь және медициналық құрылғылар бойынша баждарды алып тастау, сондай-ақ автокөліктерге қойылатын тарифтерді 27,5%-дан 15%-ға дейін төмендетуді қамтуы мүмкін. Бұл келісім Вашингтонның ішкі нарықты қорғауға бағытталған кең ауқымды сауда стратегиясының бір бөлігі болады.

20 жылдық қазынашылық облигациялар көлемі $13 млрд орналастырылды. Жоғары сұраныстың арқасында кірістілік екінші нарықпен салыстырғанда 1,6 б.п. төмен болды.

Маусым айындағы қайталама тұрғын үй сату көрсеткіші 3,93 млн болды (күтілгені — 4,01 млн, мамырдағысы — 4,04 млн). Бұл ипотекалық мөлшерлемелердің жоғары болуы сатып алушылар белсенділігін әлі де тежеп отырғанын білдіреді.

Компания жаңалықтары

— Thermo Fisher Scientific (TMO: +9,1%) компаниясының органикалық сатылымының сенімді өсуі акциялардың көтерілуіне себеп болды.

— Boston Scientific (BSX: +4,5%) электрофизиология сегментіндегі жетістіктерімен ерекшеленді. Компания басшылығы жылдық болжамды жақсартты.

— Enphase Energy (ENPH: -14,2%) акциялары құлдырады. Компания қазіргі тоқсан үшін түсім бойынша көңіл көншітпейтін болжам ұсынып, нысаналы нарық 20%-ға қысқарады деп күткен. Компания шығындарды қысқартуды жоспарлап отыр, алайда инвесторлар 2026 жылға дейін күн энергетикасына сұраныс пен субсидиялар бөлу бойынша әлдеқайда қатаң сценарийлерді ескеруде.

— Baker Hughes (BKR: +11,6%) негізгі көрсеткіштер бойынша күткеннен жақсы нәтижелер көрсетті: түзетілген EBITDA маржасы жылдық негізде 170 б.т. артты. Дегенмен, белсенді мәмілелер мен күрделі шығындардың өсуі аясында бос ақшалай ағын бойынша сұрақтар қалуда.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары