Португалия мен Испанияда жарық өшті. Бұл — Еуропада болған ең ірі блэкауттардың бірі

Португалия
мен Испанияда болған ауқымды блэкаут
әуежайлардың, қоғамдық көліктің және
мұнай өңдеу саласының жұмысын тоқтатты.
28
сәуір, яғни дүйсенбі күні Португалияның
бүкіл аумағында және Испанияның көп
бөлігінде электр қуаты өшті. Апат екі
елдің әуежайлар мен телефон байланысын
қоса алғанда, маңызды инфрақұрылымдарына
әсер етіп, көлік жүйесінде де үзілістерге
әкелді. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты
себебі белгісіз. БАҚ деректеріне
сүйенсек, кибершабуыл жасалған болуы
да ықтимал. Испания билігі жарықтың
өшуі 10 сағатқа дейін созылуы мүмкін
екенін ескертті.
Толығырақ
Дүйсенбі күні Испания
мен Португалияда болған ауқымды электр
қуатының өшуінен ондаған миллион адам
жарықсыз қалды, деп хабарлайды Seeking
Alpha испандық электр желісі операторының
мәліметіне сүйене отырып. Электр қуаты
жергілікті уақыт бойынша шамамен
12:30-да елдің бірнеше өңірінде өшіп
қалған. Салдарынан Мадридтегі Испания
Парламенті мен ел аумағындағы метро
станциялары жарықсыз қалды, деп жазды
испандық RTVE телерадиокомпаниясы.
Bloomberg агенттігінің жазуынша, Канар және
Балеар аралдары бұл апаттан зардап
шекпеген.
Португалияда электр
қуатының үзілуі Лиссабон мен оған
іргелес аудандарға, сондай-ақ елдің
солтүстік және оңтүстік бөліктеріне
әсерін тигізді.
«Үзіліс Еуропа электр
желісіндегі ақауға байланысты болды»,
— деп мәлімдеді Португалияның ұлттық
электр энергиясын жеткізушісі E-Redes
компаниясы. Компания өкілдері «электр
қуатының өшірілуі Францияның кейбір
аймақтарына да әсер етті, себебі өте
жоғары кернеулі желілерде ақау болды»
деп көрсеткен. Алайда Bloomberg агенттігі
Франция аумағында үлкен ақаулар
тіркелмегенін хабарлады.
Блэкаут
салдары қандай болды
— Мадрид,
Барселона және Лиссабонның кейбір
бөліктерінде қоғамдық көлік, бағдаршамдар
мен телефон қызметтері тоқтады, пойыз
қозғалысы уақытша кідірді, деп жазды
Bloomberg. Көптеген компаниялар жұмысты
тоқтатып, қызметкерлерін үйлеріне
қайтарған.
— Мадридте метро
станцияларынан адамдар эвакуацияланды,
қаланың орталығындағы банкоматтар
жұмыс істемей қалды. Repsol компаниясына
тиесілі Petronor мұнай өңдеу зауыты электр
қуатының жоқтығына байланысты 12:30-да
барлық қондырғыларын тоқтатқанын
мәлімдеді.
— Мадрид әуежайы электр
жабдықтарының істен шығуына байланысты
көптеген рейстердің кешігуі мүмкін
екенін ескертті. Ryanair әуе компаниясы
Испания мен Португалияның материктік
әуежайларындағы рейстердің кестесіне
ықтимал өзгерістерді бақылап отырғанын
мәлімдеді.
— Испанияның бәсекелестікті
қадағалау органы (CNMC) елдегі ірі банктердің
бірі BBVA-ның Banco Sabadell банкін сатып алу
өтініміне қатысты отырысты тоқтатты.
Бұл өтінім бойынша шешім дүйсенбі күні
қабылдануы тиіс еді.
Нарық қалай
әрекет етті
Электр қуатының үзілуіне
қарамастан, Испания мен Португалиядағы
қор нарықтары әдеттегі режимде жұмыс
істеді. Bloomberg-тің мәліметінше, Испанияның
Ibex35 индексі ақау басталғаннан кейін
бұрынғы өсімін азайтқан. Осы жарияланым
дайындалып жатқан кезде индекс 0,6%-ға
өсті.
Өшу себептері
Қазіргі
уақытта оқиғаның нақты себептері
белгісіз. Кибершабуыл нұсқасы да теріске
шығарылған жоқ, деп жазды Bloomberg
дереккөздерге сілтеме жасап. Тергеу
жүргізіліп жатыр, билік электр желісін
қалпына келтіру жұмыстарын қолға
алды.
Контекст
Bloomberg агенттігінің
жазуынша бұл оқиға Еуропадағы соңғы
жылдардағы ең ірі электр өшу оқиғасы
болып отыр. Бүкіл елдің жарықсыз қалуы
Еуропада өте сирек кездеседі.
Мәселен, 2003 жылы Италияда
көрші елдерден келетін электр желісіндегі
апат салдарынан, Сардиния аралын
қоспағанда, бүкіл ел жарықсыз қалған
еді. 2019 жылы Лондонда да ірі блекаут
болды — ол кезде газ электр станциясы
мен теңіздегі жел электр станциясы бір
мезгілде істен шыққан болатын.








