БастыSmall Caps
Бөлісу

Small-cap Aris акциялары 20%-ға жуық қымбаттады

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Small-cap Aris акциялары 20%-ға жуық қымбаттады

Aris Water Solutions – мұнай мен газ өндіру кезінде пайда болатын қабат суларын қайта өңдеу шешімдерін әзірлеуші компания. 7 тамызда оның акциялары 19%-дан астам қымбаттады. Себебі – Aris-ті нарықтық бағадан жоғары премиямен Western Midstream Partners сатып алатыны хабарланды.

Мәміле шарттары

8 тамызда Нью-Йорк биржасында Aris акциялары 19%-дан астам өсіп, $23,78-ге жетті. Western Midstream Partners – мұнай-газ секторына жинау, тасымалдау және қабат суларын кәдеге жарату қызметтерін көрсететін Aris компаниясын шамамен $2 млрд-қа сатып алмақ.

Төлемнің 28%-ы ақшалай, 72%-ы жаңа акциялар түрінде төленеді. Инвесторлар өз үлестерін 0,625 Western акциясына айырбастай алады немесе бір акцияны $25-қа сата алады. Бұл – 6 тамыздағы бағадан 25% жоғары. Мәміле 2025 жылдың төртінші тоқсанында жабылады. Екі компанияның директорлар кеңесі келісімді қолдады, бірақ оны акционерлер мен реттеушілер бекітуі тиіс.

Western үшін маңызы

Western мәліметінше, Aris-ті сатып алу оның қабат суын өңдеу бизнесін толықтырады, портфельді ұзақмерзімді келісімшарттармен әртараптандырады және географиясын кеңейтеді. Сондай-ақ бұл табиғи газ, шикі мұнай және қабат суларын өңдеу мүмкіндіктерін арттырады. Компанияның болжамы бойынша, интеграция 2026 жылы EBITDA көрсеткішінің елеулі өсуіне әкеледі.

Алайда инвесторлар бұл дәлелдерді сенімді деп қабылдамады: 7 тамызда Western акциялары 4,7%-ға төмендеп, $38,34 болды. Бұл сол күні жарияланған тарихи рекордты – $617,9 млн көлеміндегі түзетілген EBITDA нәтижесіне қарамастан орын алды.

Акциялардың динамикасы және болжамдар

Соңғы 12 айда Aris акциялары шамамен 67%-ға қымбаттады, бірақ 2025 жылдың басынан бері айтарлықтай өзгеріс болмады. MarketWatch дерегінше, Уолл-стрит сарапшыларының пікірі екіге бөлінген: бесеуі – «сатып алу», бесеуі – «ұстау» деп кеңес береді. Орташа мақсатты баға $27,2, бұл ағымдағы бағадан 14% жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары