Бөлісу
Alphabet акциялар нарығындағы тарихындағы ең нашар күнді бастан өткерді: оның нарықтық капитализациясы 500 миллиард долларға құлдырады.

Фото: gguy / Shutterstock.com
29 қазанда Google-дың аналық компаниясы Alphabet-тің акциялары 12,3%-дан астамға төмендеді. Dow Jones Market Data мәліметтері бойынша, компания акцияларын жария ұсынғаннан бері бұл ең ірі бір күндік құлдырау болды. The Wall Street Journal хабарлауынша, бұл құлдырау компанияның нарықтық құнынан шамамен 500 миллиард долларды жойды.
Alphabet акцияларын жаппай сату Nasdaq Composite индексінің төмендеуін күшейтіп, ол күнді 1,4 пайызға төмендеп аяқтады. S&P 500 кең нарықтық индексі мен Dow Jones Industrial Average «blue-chip» индустриялық орташа индексі екеуі де 0,3 пайызға төмендеді.
Жаңарту...
Бөлісу







