Alphabet акциялары 7 пайызға төмендеді: кіріс пен пайда болжамнан төмен болды.
Жасанды интеллектіні дамытуға жасалған ірі капиталдық шығындар әлі компанияға күтілген қаржылық табыс әкелген жоқ.

/ Фото: SNEHIT PHOTO / Shutterstock.com
Google-дың аналық компаниясы Alphabet үшінші тоқсанның нәтижелерімен инвесторларды көңілін қалдырды: оның кірісі мен пайдасы сарапшылардың күткенінен төмен болды. Бұл компанияның жасанды интеллектке ауқымды инвестициялары әлі жеткілікті табыс әкелмей жатқанын көрсетеді, – деп жазады Bloomberg.
Мәліметтер
Alphabet-тің 30 қыркүйекте аяқталған үш айдағы кірісі серіктестік төлемдерді есептемегенде 111,2 миллиард долларды құрады. Сарапшылар орта есеппен 111,3 миллиард доллар болатынын болжаған.
Акцияға түсетін табыс $2,12-ны құрады, ал күтілген көрсеткіш $2,99 болған.
Есеп жарияланғаннан кейін Нью-Йорктегі сауда сессиясынан кейінгі саудада Alphabet компаниясының акциялары 7,7 пайызға төмендеді.
Контекст
Bloomberg мәліметі бойынша, жасанды интеллект инфрақұрылымының қарқынды кеңеюі Alphabet компаниясының капиталдық шығындарын рекордтық деңгейге көтерді. Бұл инвестициялар Anthropic пен Meta Platforms сияқты жасанды интеллект әзірлеушілеріне есептеу қуатын жеткізуде компанияны жетекші провайдерлердің біріне айналдырды. Сонымен бірге Google өз AI модельдерін әзірлеп, оларды Search, YouTube және Gmail сияқты жаппай нарыққа арналған қызметтеріне енгізіп келеді, алайда бұл әрекеттер әлі шығындардың ауқымын ақтаған жоқ.
Бұл жаңалық жаңартылып жатыр...







