БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Басты жаңалықтар: Ақ үй жеңілдіктер қарастыруда, Баффет кірісте, нарық құбылмалы

Басты жаңалықтар: Ақ үй жеңілдіктер қарастыруда, Баффет кірісте, нарық құбылмалы

АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген баж салығына байланысты әлемдік нарықтар құлдырап жатса да, Уоррен Баффет биылғы жылы байыған санаулы адамдардың бірі болды. Оның байлығы 2025 жылы $11,5 млрд-қа өсті. Баффеттің Berkshire Hathaway компаниясының акциялары құлағанына қарамастан, бұл компанияның сақтандыру саласы сауда соғыстарының әсеріне аса ұшырамады.

Қытай қарсы тұруға дайын

Қытайдың Сауда министрлігі Трамптың 50% қосымша баж салығын енгізу туралы сөзіне наразылық білдіріп, “қажет болса, соңына дейін күресеміз” деп мәлімдеді. 10 сәуірден бастап Қытай АҚШ тауарларына 34% баж салығын енгізеді. Morgan Stanley бұл ҚХР экономикасының өсімін 1,5–2 пайыздық тармаққа бәсеңдетуі мүмкін деп отыр.

BlackRock: АҚШ рецессияда

Әлемдегі ең ірі инвестициялық компаниялардың бірі BlackRock бас директоры Ларри Финктың айтуынша АҚШ экономикасы рецессия кезеңіне кіріп кеткен. Ол сондай-ақ Трамптың саясаты инфляцияны күшейтіп, Федералды резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемені төмендетуін қиындатуы мүмкін екенін айтты.

Мұнай арзандап жатыр

WTI мұнайы 7 сәуірде 2%-ға арзандап, $60,70-ке дейін түсті. Brent – $64,21. Bank of America сарапшылары мұнайға сұраныс биыл екі есеге қысқаруы мүмкін дейді. Goldman Sachs те 2025 және 2026 жылдарға арналған мұнай бағасының болжамын төмендетті. АҚШ-тағы кейбір мұнай өндірушілер бұл бағамен шығынға ұшырайды.

Хедж-қорлар нарықты шорттап жатыр

Goldman Sachs деректеріне сүйенсек хедж-қорлар нарықтағы тұрақсыздық кезінде акцияларды жаппай сата бастады. Бұл – соңғы 14 жылдағы ең ірі біркүндік сату болған. Қаржылық, технологиялық және тұтынушылық секторлар ең көп сатылғандар қатарында.

Трамп салық жеңілдігін ұсынып отыр

Bloomberg дерегіне сай Трамп әкімшілігі экспорттаушылар үшін жаңа салықтық несие енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл — олардың шетелдік кедендік салықтардан шеккен шығындарын өтеуге арналған құрал болмақ. Алайда бұл бастаманы жүзеге асыру үшін Конгресс мақұлдауы қажет. Сонымен қатар импорттаушыларды да осы тізімге қосу мүмкіндігі қаралуда, бірақ бұл әлдеқайда күрделі іс.

Баффет $11,5 млрд табыс тапты

Трамптың сауда саясаты салдарынан нарықтар құлағанымен, Уоррен Баффет осы жылы байыған санаулы миллиардерлердің бірі болды. Оның байлығы 2025 жылы $11,5 млрд-қа артып, жалпы көлемі $153,5 млрд-қа жетті. Berkshire Hathaway компаниясының акциялары басқа компаниялармен салыстырғанда аз құлдырады, себебі оның негізгі бағыты — сақтандыру бизнесі — сауда соғыстарынан аса қатты зардап шекпейді. Сонымен қатар, инвесторлар Баффеттің нарықтағы құлдырауды пайдаланып, ірі сатып алуға барады деп күтуде. Соңғы бірнеше тоқсанда Баффет ірі мәмілелер жасамады. Ол Apple акцияларының бір бөлігін сатып, Bank of America-дегі үлесін қысқартуға көңіл бөлді — бұл екі компания да Трамп енгізген баж салығынан кейін біршама арзандап кетті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары