БастыSmall Caps
Бөлісу

Бір жылда 200%-ға өскен компания Nvidia-дан да шапшаң өсім көрсетті

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Бір жылда 200%-ға өскен компания Nvidia-дан да шапшаң өсім көрсетті

Энергетика саласына құрылыс қызметтерін көрсететін орташа капитализациялы Argan компаниясының акциялары соңғы 12 айда 200%-дан аса өсті. Өсу қарқыны бойынша бұл көрсеткіш әлемдегі ең қымбат чип өндіруші компания Nvidia-ны басып озды. Бұл туралы Investor’s Business Daily басылымы хабарлады. Олар дәл қазір Argan капиталына инвестиция салуға жақсы уақыт деп есептейді.

Егжей-тегжейі

Сауда деректеріне сүйенсек, Argan акциялары соңғы бір жыл ішінде 207%-ға өсіп, 236,89 долларға жетті. Бұл көрсеткіш технологиялық алып саналатын Nvidia мен Microsoft компанияларынан да асып түсті. Мәселен, дәл осы кезеңде олардың акциялары сәйкесінше 58% және 20% өскен.

Investor’s Business Daily жазуынша, ірі компаниялардың мұндай өсімі өткен аптада ірі капитализациялы компанияларды қамтитын S&P 500 индексінің бірнеше күн қатарынан жаңа рекорд орнатуына әсер етті. Бұл жөнінде инвестициялық банк Jeffries мәлімдеген. Олардың зерттеу жазбасын Bloomberg агенттігі келтірген.

Акция бағасы неге өсті?

Нарықтық капитализациясы 3,2 млрд $ болатын Argan табиғи газбен жұмыс істейтін электр станцияларын, сондай-ақ жаңартылатын энергетика нысандарын жобалап, салады. Оның екі еншілес компаниясы осы нысандарға техникалық қызмет көрсетумен айналысады, тағы бірі — қажетті жабдықты өндіреді.

Investor’s Business Daily хабарлауынша, Argan қызметі жасанды интеллектке арналған дата-орталықтар құрылысына байланысты. Осы технология төңірегіндегі қызу қызығушылық Уолл-стриттегі сұранысты тек Nvidia, Microsoft немесе Meta сияқты алпауыттарға ғана емес, дата-орталықтарды электр қуатымен қамтамасыз ететін компанияларға да бағыттап отыр. Сондықтан басылым Argan акцияларын сатып алуға қолайлы сәт дәл қазір деп есептейді.

Бір апта бұрын JPMorgan инвестициялық банкі Argan-ды бақылауына алды. Олар компания акцияларына «бейтарап» рейтинг беріп, мақсатты бағасын 220 $ деп белгіледі (яғни, қазіргі бағадан төмен). Insider Monkey басылымының жазуынша, JPMorgan бұл компанияны газбен жұмыс істейтін электр станцияларын салу сегментіндегі негізгі ойыншы деп санайды. Бұл сектордың көлемі алдағы уақытта өседі деген болжам бар.

Сонымен қатар Argan-ның күн электр станцияларын, энергия жинау жүйелерін және өнеркәсіптік нысандарды салуға қатысуы бизнесін әртараптандыруға жол ашып отыр.

MarketWatch порталының дерегінше, Argan акцияларына Уолл-стрит сарапшыларынан екі «сатып алу» және бір «ұстау» рейтингі берілген. Орташа мақсатты баға — 225,33 $. Бұл да қазіргі нарықтық бағадан төмен.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары