БастыSmall Caps
Бөлісу

Қар тазалайтын техника өндірушісі Douglas нарықтан екі есе өсті

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Қар тазалайтын техника өндірушісі Douglas нарықтан екі есе өсті

Freedom Broker инвесторларға қар тазалауға арналған техника шығаратын шағын компания Douglas Dynamics акцияларын сатып алуға кеңес берді. Биыл оның акциялары 30%-дан астамға өсті. Freedom сарапшылары компанияның танымал брендтері, кең дилерлік желісі және түсім құрылымының тұрақты болуы бірқалыпты өсімге мүмкіндік береді деп есептейді. Олар акцияларға қойған мақсатты баға қазіргі деңгейден 20%-ға жоғары.

Егжей-тегжейі

Freedom Broker алғаш рет Douglas Dynamics акцияларына рейтинг беріп, бірден оларды сатып алуға кеңес берді. Бұл туралы Oninvest иелігінде бар сарапшылардың инвесторлар үшін дайындаған жазбасында айтылған. Douglas акцияларына белгіленген мақсатты баға — $38. 28 қазандағы сауда жабылғанда, олар $31,62 деңгейінде болған. Демек, Freedom болжамы бойынша акциялар 20%-ға өсуі мүмкін.

Freedom не дейді?

Нарықтық құны $720 млн болатын Douglas Dynamics компаниясы жүк көліктеріне арналған қар мен мұз тазалайтын жабдық шығарады. Freedom мәліметінше, Солтүстік Америкада бұл компания өз саласында көшбасшы. АҚШ пен Канададағы «қар белдеуі» өңірлерінде ең үлкен тарату желісіне ие.

Компанияның екінші бағыты — Work Truck Solutions (WTS). Ол жүк көліктерінің кей бөліктерін жаңартуға арналған жеке шешімдер ұсынады. Мысалы, кабина мен шассиді жаңарту. Бұл бағыт компанияға тек ауа райына тәуелді бизнестен шығып, тұрақты табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Douglas Dynamics дерегінше, 2-тоқсандағы жалпы түсім $194,3 млн болып, бір жыл бұрынғы деңгеймен шамамен бірдей болған. Бұған WTS бөлімінің көрсеткіштері оң әсер еткен.

Freedom кейбір тәуекелдерді де атап өтеді. Біріншісі — ауа райының болжанбайтындығы, бұл жеткізу тізбегіне әсер етуі мүмкін. Екіншісі — шикізат, әсіресе болат бағасының өзгеруі. MarketWatch дерегінше, болат фьючерстері жыл басынан бері 24,3%-ға өсіп, тоннасы $880-ға жеткен.

Акциялардың жағдайы

Жыл басынан бері Douglas Dynamics акциялары 34%-ға өсті. Ал S&P 500 индексі осы кезеңде 17,9%-ға ғана көтерілді.

MarketWatch мәліметі бойынша, Уолл-стрит сарапшыларының екеуі Douglas акцияларын сатып алуға кеңес береді, біреуі — ұстауға кеңес берген. Орташа мақсатты баға — $37,75, бұл қазіргі бағадан 19%-ға жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары