БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: Трамп енгізген баж салықтары нарықтағы «аюларды» қолдап отыр

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: Трамп енгізген баж салықтары нарықтағы «аюларды» қолдап отыр

2025 жылғы 26 наурызда АҚШ қор нарығындағы сауда сессиясы теріс аймақта аяқталды. S&P 500 индексі 1,12%-ға, Nasdaq 100 — 1,83%-ға, Dow Jones — 0,31%-ға, ал шағын компаниялар индексі Russell 2000 — 1,03%-ға төмендеді. Сауда-саттыққа АҚШ президенті Дональд Трамптың 2 сәуірден бастап елге шетелде өндірілген көліктерге тұрақты баж салығын енгізетіні туралы мәлімдемесі теріс әсер етті. Бұл жаңалық автокөлік компанияларының, соның ішінде Tesla-ның (TSLA) акцияларын төмендетті. Сонымен қатар, АҚШ-қа жеткізілетін мыс пен фармацевтикалық өнімдерге де баж салығы салынатыны белгілі болды. Бақылау мен бағдарламалық жасақтама өндірушілерінің әлсіз қаржылық нәтижелері де нарыққа қосымша қысым көрсетті.

Тұрақты тұтыну тауарларына тапсырыстар көлемі күткеннен жоғары болды. Алайда ЖІӨ-ге тікелей әсер ететін негізгі капиталдық тауарларға тапсырыстар күтпеген жерден азайды. Миннеаполис ФРБ басшысы Нил Кашкари сауда саясатындағы белгісіздікке тоқталып, пайыздық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз ұстауды ұсынды. Ал Сент-Луис ФРБ өкілі Альберто Мусалем баж салығының қысымымен 2%-дан жоғары инфляцияның орнығу қаупі туралы ескертті.

Компания жаңалықтары

— Dollar Tree (DLTR: +3,08%) оң болжам ұсынды: орта және жоғары табысы бар сатып алушылар саны артты. Бір жылдан астам жұмыс істеп тұрған дүкендердегі сатылым 2%-ға өсті. Компания 2015 жылы $9 млрд-қа сатып алған Family Dollar желісін $1 млрд-қа сататынын хабарлады.

— Cintas (CTAS: +5,82%) 2025 қаржы жылының үшінші тоқсаны бойынша болжамнан жоғары есеп ұсынды: сатылым жылдық есепте 9,4%-ға өсті. Басшылық табыс бойынша болжамды да көтерді.

— Paychex (PAYX: +4,20%) тоқсанды жоғары маржамен және консенсустан асқан табыспен аяқтады. Компания басшысы Джон Гибсон Paycor компаниясын сатып алу болашақ өсімге түрткі болатынын атап өтті.

— Nvidia (NVDA: −5,74%) — аутсайдерлер қатарында. Қытай билігі энергетикалық тиімділік стандарттарына сәйкес келмейтіндіктен, отандық технокомпанияларға арнайы шығарылған Nvidia чиптерін сатып алуды шектеуде.

Күтілетін оқиғалар

Бүгін 2024 жылдың төртінші тоқсаны бойынша ЖІӨ-нің соңғы бағасы жарияланады (болжам: +2,3%). Сонымен қатар, жұмыссыздық бойынша апта сайынғы өтініштер саны (болжам: 226 мың) мен ақпан айына арналған сауда балансының статистикасы (болжам: $135 млрд дефицит) шығарылады. ЖІӨ-дегі импорт үлесі қаңтардағы өсімнен кейін қайта есептелуі мүмкін, бұл экономикаға теріс әсер етуі ықтимал.

Фьючерстер аздаған оң ауытқумен саудалануда, бірақ АҚШ автокөлік өндірушілерінің акциялары төмендеуін жалғастыруда. Азия нарықтарында (Жапония, Корея, Аустралия) теріс динамика байқалса, Гонконг пен Үндістан биржалары өсті. Ақ үйдің сыртқы сауда саясатына қатысты өзгермелі жоспары жаһандық нарық пен экономикалық өсімге қатысты инвесторлардың бағытын қайта қарауына себеп болуда.

Алдағы сессияға тәуекелдер теңгерімі бейтарап бағаланып отыр. Волатильдік жоғары болады деп күтілуде. S&P 500 индексі 5650–5780 пункт аралығында құбылуы мүмкін (сәрсенбі күнгі жабылу деңгейінен −1,1% бен +1,2% аралығы).

Басты назарда

— Alvotech (ALVO) 2024 жылғы рекордтық қаржылық нәтижелерімен бөлісті: кіріс 462%-ға өсіп, EBITDA алғаш рет оң нәтижеге шықты. Соған қарамастан, акциялар постмаркеттің өзінде 2%-дан астам төмендеді.

— Concentrix (CNXC) акциялары негізгі сессиядан кейін 7%-ға өсті. Позитивті есеп жоғары сұраныс пен кірістіліктің артуымен байланысты болды.

— Soleno Therapeutics (SLNO) құнды қағаздары FDA ересектер мен балаларға арналған гиперфагияны емдейтін препаратты мақұлдағаннан кейін постмаркеттің өзінде 30%-дан артық өсті.

— Екінші ірі жады чип өндіруші SK Hynix (HXSCF) АҚШ-тың шектеу енгізу қаупіне байланысты кейбір клиенттері алдын ала тапсырыстар көлемін арттырып жатқанын хабарлады. Алайда компания өкілі бұл үрдістің тұрақты болатынына сенімді емес.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары