Vireo Growth акцияларының әділ құны 1,5 доллар болуы мүмкін – Zacks сарапшылары

Каннабис өнімдерін өндіретін шағын компания Vireo Growth акцияларының әділ құны 1,5 доллар деп бағаланып отыр, бұл қазіргі нарықтағы бағасынан 285 пайызға жоғары, деп жазады Zacks Small-Cap Research (Zacks SCR). Мамыр айынан бері компания үш бәсекелесімен бірігу туралы хабарлап үлгерді. Сарапшылардың болжамынша, бұл бірігулер Vireo-ны саланың ірі он ойыншысының қатарына қосып, 2025 жылдың екінші жартысынан бастап табысын едәуір арттырады.
Толығырақ
Zacks SCR енді Vireo Growth компаниясын тұрақты түрде бақылауға алғанын хабарлады және оның акцияларына 1,5 доллар көлемінде мақсатты баға белгілеген. Бұл баға биылғы 20 маусым, жұма күнгі жабылу кезінде тіркелген 0,39 доллармен салыстырғанда шамамен 285 пайызға жоғары.
Сарапшылардың қызығушылығына не түрткі болды?
Соңғы бір ай ішінде Vireo бірден үш келісім жасағанын жариялады: 12 мамырда Wholesome компаниясын, 5 маусымда Proper Brands-ті, 9 маусымда Deep Roots Harvest-ті сатып алған. Осылайша компания бұған дейін қызмет еткен үш штаттың орнына қазір алты штатта жұмыс істейді. Оның қарамағында қазір марихуана өсіретін сегіз нысан мен 38 дәріхана бар.
Zacks сарапшыларының есебінше, 2026 жылы Vireo табыс көлемі бойынша өз саласындағы сегізінші ірі жария компанияға айналады. Олар компанияның кірісі сол жылы 474,4 миллион долларды құрайды деп болжайды. Салыстыра кетсек, 2024 жылы Vireo-ның жалпы кірісі 99,4 миллион доллар болған. Zacks моделі бойынша акцияға шаққандағы таза табыс (EPS) 0,05 доллар болады деп күтілуде. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш - 0,16 доллар болған.
Компания әзірге тек 2025 жылдың екінші тоқсанына арналған болжамын жариялаған. Ол бұл кезеңде табыстың бірінші тоқсанмен салыстырғанда 3,6–3,7 есе өсіп, 88–91 миллион долларға жететінін болжаған. Түзетілген EBITDA көрсеткіші де осы уақыт аралығында 3,48–3,6 есе ұлғаяды деп күтілуде. Алайда Vireo күтілетін таза табыс көлемін нақты көрсетпеген. Бірінші тоқсанда компания 6,5 миллион доллар шығынға ұшырағанын мәлімдеген. Дегенмен компания құрылымдық өзгерістер арқылы қарызды қайта қаржыландырып, тиімді шарттарға қол жеткіземіз деп сенеді. Рефинанс аяқталғаннан кейін Vireo-ның қолында 100 миллион доллардан астам қаражат болады деп күтілуде.
Zacks SCR қорытындысында: бірігу процесі мен сатып алынған активтерді біріктіруге қатысты белгісіздік жойылған соң, инвесторлар Vireo-ға көбірек назар аударады. Жыл басынан бері акция бағасы шамамен 29 пайызға төмендегенін ескерсек, бұл оның акцияларын айтарлықтай қайта бағалауға алып келуі мүмкін.
Басқа баға
Zacks SCR-ден бөлек Vireo компаниясының қызметін тек бір ғана сарапшы бақылап отыр, деп жазады MarketWatch порталы. Ол да бұл компания акцияларын сатып алуға кеңес беріп, мақсатты бағасын 0,45 доллар деп белгілеген. Бұл қазіргі жабылу бағасымен салыстырғанда 15 пайыздан астам өсу әлеуетін көрсетеді.








