Royce қорының басқарушысы құбылмалы кезеңде тиімді болатын small-cap акцияларды атады

Royce Small-Cap Total Return Fund портфелінің басқарушысы Майлз Льюис жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен рецессияның болуы кейбір small-cap компанияларға пайдасын тигізуі мүмкін деп атады. Сондай-ақ, Майлз Льюистің айтуынша, шағын компаниялар трансұлттық корпорацияларға қарағанда импорттық баж салығы мен деглобализациядан жақсырақ қорғалған. Өйткені олар көбіне ішкі нарыққа бағытталады. Бұл туралы ол Forbes басылымына айтты. Льюис атаған акциялар:
– UFP Industries – ағаш және өңделген ағаш өнімдерін шығаратын компания. Қордағы топ-менеджердің айтуынша, бұл компания негізінен ішкі сұранысқа жұмыс істейді.
– International General Insurance Holdings – Иорданиялық сақтандыру компаниясы. Бұл ұйым «ерекше тәуекелдерді ерекше аймақтарда» сақтандырады, дейді Льюис. Мысал ретінде Венециядағы рок-концерттің өтпей қалғанын келтірді – Париждегі өрт салдарынан топ солисі түтінге уланып қалған..
– Academy Sports & Outdoors – спорттық тауарлар сататын ритейлер. Қор басқарушысының айтуынша, компанияның негізгі тұтынушылары – табысы төмен адамдар. Рецессия болған жағдайда тұтынушылар арзанырақ дүкендерге көшеді, дейді Forbes.
– Advance Auto Parts – қолданыстағы көліктерге арналған қосалқы бөлшектер жеткізуші. Мақалада атап өтілгендей, кедендік баж салығының әсерінен компания бағаны көтеруге мәжбүр болуы мүмкін, бірақ табысы төмен жүргізушілер көліктерін ұзағырақ ұстайтындықтан, компания пайда табуы ықтимал.
– Hingham Institution for Savings – 1834 жылы құрылған жинақ банкі. Бұл банктің қызметіне жоғары пайыздық мөлшерлемелер оң әсер етуі мүмкін деп есептейді, топ-менеджер.
– Assured Guarant – несиелік тәуекелдерден қорғайтын өнімдер ұсынатын ұйым. Капиталдың рентабельділігі төмен болғандықтан, оның акциялары баланстық құнынан 23%-ға арзан бағамен саудаланып жатыр. Компания осыны тиімді пайдаланып, өз акцияларын нарықтан қайта сатып алуда, деп жазады Forbes.








