БастыSmall Caps
Бөлісу

Киножұлдыз Эштон Кутчер Soho House акцияларын 15%-ға көтерді

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Киножұлдыз Эштон Кутчер Soho House акцияларын 15%-ға көтерді

Клубтық қонақүйлер желісінің операторы Soho House & Co акциялары 18 тамызда бір күнде 15%-ға қымбаттап, соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Компанияны АҚШ-тағы ірі қонақүй операторларының бірі бастаған инвесторлар консорциумы сатып алатынын хабарлады. Инвесторлардың арасында голливуд актері Эштон Кутчер де бар. Келісім аяқталған соң ол Soho House директорлар кеңесіне қосылады.

Егжей-тегжейлі

  • Soho House акциялары Нью-Йорк биржасында $8,78-ға дейін көтеріліп, 2022 жылдың наурызынан бергі рекордты бағаға жетті.

  • Компанияны сатып алушы консорциумды АҚШ-тағы үшінші ірі қонақүй операторы MCR бастап отыр.

  • Келісім құны – $2,7 млрд немесе акциясына $9. Бұл 2024 жылғы 18 желтоқсандағы бағадан 83%-ға жоғары және ағымдағы бағамдардан 1,5%-ға көп.

Soho House басшылығының пікірі

«$9 үшін ұсынылған баға акционерлерге айтарлықтай әрі жедел пайда береді», – деді арнайы комитет төрағасы Эрик Дирдорфф. Бас директор Эндрю Карнидің айтуынша жеке меншікке қайта оралу компанияға қонақүй индустриясының үздік серіктестерімен бірге жаңа даму мүмкіндігін ашады.

Келісім 2025 жылдың соңына дейін аяқталмақ. Одан кейін Soho House акциялары биржадан алынып тасталады.

Келісім құрылымы

Консорциумды MCR басқарады. Оның портфеліне Нью-Йорктегі TWA Hotel, The High Line Hotel, Gramercy Park Hotel, сондай-ақ Лондонда орналасқан BT Tower кіреді.  Soho негізін қалаушы Ник Джонс пен атқарушы төраға Рон Беркл (оның Yucaipa компаниясы арқылы) бақылаушы үлесті сақтап қалады. Қазір олардың бизнестегі үлесі 75%-ы құрайды.

Apollo Global Management басқаруындағы қорлар мәмілеге шамамен $850 млн құяды.  Келісімге Эштон Кутчер бастаған стратегиялық инвесторлар да қатысады. Ол бұрын Skype, Spotify, Uber және басқа да технологиялық жобаларға инвестиция салған.

Goldman Sachs Alternatives 2021 жылдан бері Soho акционері болып келе жатқан компания, акцияларының басым бөлігін сатса да, мәміле үшін қосымша капитал бөледі.

Soho House тарихы

Soho House-ты 1995 жылы Лондонда ресторатор Ник Джонс құрды. Жоба шығармашылық индустрия өкілдеріне арналған клуб ретінде басталып, қазір жаһандық желіге айналды. Оның клубтары, қонақүйлері, мейрамханалары, спа, фитнес және ресми шараларға арналған кеңістіктері бар.

Компания 2021 жылы биржаға шықты, бірақ содан бері акциялары үштен бірге арзандады. Қатысушылар саны мен табыс өссе де, Soho ұзақ уақыт бойы табысқа жете алмады. Сондықтан үш жыл өтпей-ақ делистинг мәселесі күн тәртібіне шықты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары